Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

08.10.2019

Ағымдағы жылдың 8 – 10 қазан күндері Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Жас құтқарушы» слеті өтеді.

«Жас құтқарушы» слетін ұйымдастырудағы басты мақсаттар әр аудандардағы жас құтқарушылардың арасындағы ынтамақтастықты дамыту, төтенше жағдайларда дұрыс іс-әрекет дағдыларын және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Жарыстың міндеті - өмір қауіпсіздігі саласында балалар мен жастарға жұмысты ұйымдастыру бойынша облыс аудандары арасында тәжірибе алмасу, достық пен әріптестікті дамыту.

Осыған байланысты, Сырым ауданының атынан слетке қатысуға 1команда дайындап шығару үшін бөлім қызметкерлері №14 өрт сөндіру бекетінің базасында дайындық жұмыстарын жүргізуде. Команданы дайындау барысында әдістемелік ұсыныстар мен көмек көрсетілді, сондай-ақ облыстық "Жас құтқарушы" слетіне қатысушылардың жүлделі орындар алатынына сеніммен жіберілді.

Сырым ауданының ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау аға лейтенанты С. Әнес