Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 08.10.2019

8 қазан күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашевтің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте талқыланған негізгі тақырыбы БҚО аумағында орын алған орман өрттері бойынша болды.

Брифинг барысында Жасұлан Қыдырғожаұлы 7 қазан күні бойынша жедел мәліметті баяндады.

- 7 қазан күні сағат 12.33-де құрғақ шөп, бұталар мен орман алқаптары: Орал қ., бау - бақша серіктестіктері: "Автомобилист" - 8 га, "Арматурщик"-4 га; Бәйтерек ауданы, бау-бақша серіктестіктері: "Яик", жалпы көлемі 40 га, 31 саяжай үйі мен шаруашылық құрылыстары (анықтама: көптеген саяжай учаскелері қараусыз қалған), Теректі ауданы П. Айтиева жалпы көлемі 25 га. Өрт 8 қазан күні сағат 10.24-да оқшауланып, сағат 10.53-те жойылды, - деді Ж.Жұмашев.

Өртті сөндіруге БҚО ТЖД 125 қызметкер, 15 бірлік техника және 3 мотопомпа, БҚО ПД 32 қызметкер және 5 бірлік техника, Орман шаруашылығының 20 қызметкері және 3 бірлік техникасы, ЕӨҚ 30 қызметкер және 5 бірлік техника және "ҚТЖ" АҚ Өрт сөндіру поезы және 6 қызметкер жұмылдырылды.

- Сол күні сағат 13.50-де Бәйтерек ауданы, Озерный кентінде құрғақ шөп, бұталар мен орман алқабы жанған туралы ақпарат келіп түсті. Жергілікті атқарушы органдардың күштерімен ш/н Шолпан ауылынан Рубежка ауылына 30 адам эвакуацияланды. Олар туысқандарына қоныстап бүгінгі таңда сағат 10-00-дегі жағдай бойынша тұрғындар өз үйлеріне оралды. Өртті сөндіруге ТЖД 62 қызметкер мен 8 бірлік техника, БҚО ПД 10 қызметкер мен 4 бірлік техника, Орман шаруашылығының 20 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, ЕӨҚ 15 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Брифинг соңында журналисттер өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

БҚО ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы