Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

09.10.2019

Төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ салдарын жоюға байланысты қызметтің өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде 1995 жылғы 19 қазанда пайда болды.

Дәл осы күн – 19 қазан күні құтқарушылардың кәсіби мерекесі күні болып 2008 жылдан бері Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелеріне «Құтқарушы күні» болып қосылды. Биылғы жылы, аталған мерекеге 24 жыл толып отыр.

Осыған байланысты, мереке қарсаңында, БҚО ТЖД Сырым ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында Жымпиты ауылында орналасқан Сырым аудандық С. Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне, жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің 6-сынып оқушыларына саяхат ұйымдастырды.

Музейді аралау барысында С. Датұлының тарихынан және жеке өмірінен сыр шертетін біршама құнды мағлұматтармен, өз заманындағы өнегелік, батырлық, ерлік іс-әрекеттерімен танысып, сол кезде қолданыста болған құнды, қазыналы әшекей-бұйымдар мен жәдігерлерге шолу жасалды.

Шара барысында бөлім қызметкерлері қазіргі бейбіт кезеңнің батырлары болып саналатын құтқарушылар қызметінің қызығы мен қиыншылығы, күнделікті көзге іліне бермейтін ерліктері туралы әңгімелер жүргізіп, болашақта мамандық таңдауда, азаматтық қорғау органдарының саласы бойынша кәсіби білікті маман дайындайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге шақырды.

Алдағы уақытта азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеру және оны болашақ жас ұрпаққа насихаттау бойынша осындай ауқымды іс-шараларды бөлім қызметкерлері арқылы жиі ұйымдастыру жоспарлануда.  

Сырым ауданының ТЖБ

бас маманы

азаматтық қорғау аға

лейтенанты С. Әнес

 

 

.