Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

09.10.2019

 Даладағы құрғақ шөп шамамен тас жол бойында өртенеді. Дала өрттерінің көбі арнайы жағуға болмайтын орындарда жағылып сөндірілмей қалған алаулар, сіріңкелер мен темекінің қалдықтары, балалардың бұзықтығынан пайда болады.

Азаматтар арам шөптердің көзін тез құрту үшін шөптерді өртейді. Өртенген шөптер жақсы тыңайтқыш болады деген ұғым бар. Алайда бұл мүлде олай емес. Шөппен бірге топырақтың пайдалы микрофлорасы да күйіп кетеді. Құрғақ шөп өртенгенде сол жердегі барлық нәрселер, яғни пластикалық бутылкалар, полиэтилен пакеттер және басқада қоқыстар қоса жанады. Бұның барлығы ауаны токсиндермен улайды және адам денсаулығына теріс әсерін тигізеді.

Өткен тәулікте облыс аумағында 8 өрт тіркелді. Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандарында, сондай-ақ Орал қаласында Свистун және Сарытау шағын ауданының жанында.

- Ақжайық ауданы Бударин ауылында Байбоз 2 – 46 га және Алға – 42 га елді мекендерінде құрғақ шөп жанды, өрттің жалпы шаршып өткен ауданы 88 га. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамның 5 адамы және ЕӨҚ (ерікті өрт сөндіру құралымы) жеке құрамының 10 адамы жұмылдырылды.

– Тасқала ауданы Мерей ауылында Турчин – 33га, Краснов – 28га, Сладон – 37га, Ақбас-26га, Өркен – 21 га, Аққайнар – 29 га, Атамұра ШҚ - 35га, ШҚ Нұр – 32 га, ШҚ Алан – 34 га, TOO GSB Агро-23 га елді мекендерінде құрғақ шөп жанды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы және ЕӨҚ (ерікті өрт сөндіру құралымы) жеке құрамының 35 адамы жұмылдырылды.

- Бәйтерек ауданында 3 өрт тіркелді. Дарьинск кенті Набережная көшесі 10 мекенжайында жалпы көлемі 100 ш. м. құрғақ шөп жанған, Көшім ауылында Өркен ауданында жалпы көлемі 23 га. құрғақ шөп жанған, Қаражар ауылында Деркөл өзенінің бойында жалпы көлемі 17 га. құрғақ шөп және қамыс жанған, Щапов кентінде "Жайна" ШҚ ауданында жалпы көлемі 46 га. құрғақ шөп жанған. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамның 16 адамы және ЕӨҚ (ерікті өрт сөндіру құралымы) жеке құрамының 15 адамы жұмылдырылды.

- Орал қаласында Свистун тауының ауданында жалпы ауданы 23 га және Сарытау шағын ауданында 1 га дала шөбі өртенді. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамнан 12 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Саяжайдағы өрт қауіпсіздігі ережесі шөптердің кебуіне қарай тазалау жұмыстарын жүргізуге кеңес береді. Жиналған қоқысты жою темірден жасалған бөшкеде жүргізілуі тиіс, ал жанғаннан кейінгі қалдықтарға дұрыстап су құйған жөн.

Егер де сіз өптің өртеніп жатқанын көрген болсаңыз, бірден оны сөндіру шарасына кірісіңіз. Ондай өртті егер жақын жерде су қоймасы болса сумен немесе топырақпен сөндірген жөн. Өрт сөндірілген жерден оттың қайта басталмайтынына көз жеткізіп барып кету керек. Міндетті түрде болған жағдайды өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет.

Есте сақтаңыз! Құрғақ шөптің, қураған ағаштың жануы – басқарылмайтын процесс. От оңайлықпен сіздің саяжайыңызға, тұрғын үйіңізге және басқа да құрылымдарға ауысуы мүмкін. Ал өртену нәтижесінде оңай улану қауіпі бар.

Есте сақтаңыз! Қауіптің салдарын жойғаннан, әрдайым оның алдын алған оңай.

Өрт сөндірушілер қаланың сыртына демалуға шыққан азаматтарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға, сондай-ақ қырағылық танытуға шақырады және өрт шыққан жағдайда дереу келесі телефон арқылы хабарлауы тиіс: «101»

Қоңыраулар тәулік бойы және тегін қабылданады.

Б.Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 

.