Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

09.10.2019

Қауіпсіздік және балалар

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ТЖ кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақты дамыту, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, өмір қауіпсіздігі, дене және психологиялық дайындық жағдайы туралы білім деңгейін арттыру, құтқарушы кәсібін насихаттау мақсатында Бәйтерек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық білім бөлімімен бірлесіп Дарьинск жалпы білім беретін орта мектебінің базасында аудандық Жас құтқарушылар слетін өткізді, оған ауданның орта мектептерінен 16 команда қатысты.

Жарыс жауынгерлік өрістету, зардап шегушіні құтқару, жалпы әскери қорғау костюмін кию, су айдындарындағы құтқару жұмыстары, алғашқы мидициналық көмек көрсету кезеңдері бойынша өткізілді.

Жарыстың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 1-інші орын Володар ЖОББМ, 2-нші орын Кушум ЖОББМ, 3-інші орын Дарьян ЖОББМ.

Жеңімпаздар құрмет қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.

 «Жалпы өрт қорғау костюмін кию» номинациясы бойынша Уразаева Азат Кушум ЖОББМ оқушысы марапатталды.

 «Жалпы әскери қорғау костюмін кию» номинациясы бойынша Евдакимова Карина Трекин ЖОББМ оқушысы марапатталды.

 «Су айдындарындағы құтқару жұмыстары» номинациясы бойынша Лысманов Роман Ұ. Шаған ЖОББМ оқушысы марапатталды.

Үзілістердің аралығында және жарыс біткен соң балалар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, көрермендер арасында әр түрлі ТЖ алдын алу туралы насихаттау жұмыстарын жүргізілді.

Өткізілген шара жастар арасында патриоттық сезім тәрбиелеу, кәсіби дайындықты және құтқарушы мамандығына қызығушулықты тудырды.

Сонымен қатар, жоспарланған шаралар бойынша ауданның өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.

Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Батыс Қазақстан облысы

 

 

.