Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

10.10.2019 

Салауатты өмір салтын насихаттау мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу,  олардың спорттық шеберлігін арттыру, өрт-құтқару спортын дамыту және көпшілікке тарату мен оқушылардың төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 8-10 қазан күндері 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған командалар арасында «Самал» балалар-сауықтыру кешенінің аумағында «Жас құтқарушы» облыстық балалар мен жасөспірімдер сайысы өткізілуде.

Сонымен қатар, өткізіліп жатқан бұл шара әр ауданның жас құтқарушылар ұйымдарының арасындағы ынтымақтастықты дамыту, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, балалар мен жастардың салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау мақсатын көздейді.

Осыған сәйкес 8 қазан күні «Самал» балалар-сауықтыру кешенінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  азаматтық қорғау бөлімі бастығы подполковник Максим Абатович Хайрекеновтің және осы Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, әрі Жедел құтқару жасағының басшысы-құтқарушы Аскар Урынбасарович Килишевтің, Облыстық білім беру басқармасының, «Самал» балалар-сауықтыру кешені басшыларының  қатысуымен жарыстың салтанатты ашылуы өтті.

9 қазан күні № 4 өрт сөндіру бөлімі аумағында 2 кезең визит карточкасы және өрт сөндіру эстафетасы өткізілді.

Жарысқа өз өңірлерінен жүзден жүйрік шығып іріктелген БҚО аудандарының 7 командасы және Орал қаласының 1 командасы қатысуда.

Жас құтқарушылардың алдымен жылдамдықтары мен  өрт, апат кезінде жедел әрекет ету жұмыстары, қабырға газеті байқаулары таразыланды. Сондай-ақ, суда адамның өміріне қаншалықты араша түсе алатындығы, алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше оқиғада құтқару-іздестіру жұмыстары бойынша байқаулар ұйымдастырылуда.

         Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Б. Хайбуллина