Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

10.10.2018 

Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жылыту маусымы кезінде тұрғын үйдегі жылыту пештерін, каминдерді, басқа да жылыту құралдары мен жүйелерін тексертіп, жөндеуден өткізу қажеттігін ескертеді. Ақауы бар жылыту пештерін пайдалануға болмайды. Пештер мен каминдер өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес орнатылуы қажет.  Жылыту маусымы басталар уақытта және жылыту маусымы аяқталар уақытқа дейін 

Түтін шығатын пеш мұржаларын және пешті күйеден жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы бой тазартып тұру керек, кемінде:

  • Жылыту пештерін жылыту маусымы кезінде 3 айда 1 рет;
  • 2 айда 1 рет үздіксіз жұмыс жасап тұрған пештер мен қазандықтарды;
  • айына 1 рет асхана бөлмесінде қолданатын пештер мен ұзақ уақыт жағылатын пештерді тазартып тұру қажет. Үй шатырындағы барлық түтін өтетін мұржалар мен қабырғаларды сырлау керек. Пештер мен мұржаларда жарық пайда болған жағдайда пайдалануға жол бермеу қажет.
  • Пештің қасына шкаф және жанғыш басқа жиһаздарды орналастырған кезде арақашықтығы 70 см-ден кем болмауы керек.
  • Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, және пешті қарауды жас балаға тапсыруға болмайды.

2019 жылдың қазіргі кезеңіне дейін Ақжайық ауданы аумағында 17 өрт оқиғасы орын алды, оның 11-і тұрғын үй секторында болды. Бұл оқиғалар 2018 жылғы көрсеткішпен салысытырғанда өрттің 40 %-ға азайғанын көрсетеді.

Тұрмыстағы жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтаңыздар.

 

БҚО ТЖД Ақжайық ауданының ТЖБ-нің

инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты                             Е.Кенжеғали