Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.11.2019

Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан тарихи күн болды.

Латын графикасына негізделген әліпбидің қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені бұл шешім – тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, латын графикасына көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашып, қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді мүмкіндік туғызады. Тұңғыш елбасы өзінің жарлығында жаңа нұсқада беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін бекітумен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құруды, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшуін қамтамасыз етуді, бұл жөнінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Осы тапсырманы орындауда «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінде әр түрлі шаралар, қызметкерлерге латын графикасын оқыту сабақтары жүргізілуде. Ағымдағы жылы  № 2,3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде және № 4,7,8 Өрт сөндіру бөлімдерінде «Латын графикасына негізделген қазақ тілі әлібиін оқыту және жазу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында сабақтар өткізілді. Мекеме және өрт сөндіру бөлімдерінің атауларын латын графикасы бойынша ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған тапсырма бойынша жұмыстар  одан әрі жалғасады. 

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 

.