Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.11.2019

Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және №10 ӨСБ-нің қызметкерлері Чапаев ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы ОЖББ мектебіне барып 9-10 сынып оқушыларына Көкшетау техникалық институтына түсу туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Көкшетау техникалық институты туралы әңгімелеп, үміткерлерге оқуға түсудің басты талаптарын таныстырды. Казармалық жағдайда тұрып білім алатыны, оқуға қалай түсу керектігі жөнінде айтылды. Мектеп оқушыларын Көкшетау техникалық институтының өмірі қатты қызықтыртырып, сондықтан сұрақтарды да көп қойды. Барлық қатысқан оқушыларға Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері жазылған жаднама таратылды. Сонымен қоса, курсанттарды оқытуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Курсанттар оқу бітіргенше тегін тамақпен, арнайы киіммен және мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Оқуды толық аяқтаған түлектерге офицерлік атақ беріледі және оларды азаматтық қорғау саласында жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

 

БҚО ТЖД Ақжайық ауданының ТЖБ-нің

инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты                             

Е.Кенжеғали

 

 

.