Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.11.2019 

2019 жылдың 5 қарашасында Шыңғырлау ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Дулатов Ж.Д. Көкшетау техникалық институты туралы  Л.Клышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Азаматтық қорғау офицері  республикамызда  өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайларда қорғау саласындағы мамандарды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны  бар екенін айтып, оған оқуға түсу шарттары және дене дайындығынан нормативтерді тапсыру тәртібі туралы тарқата әңгімеледі.

Сондай-ақ,  ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты ведомствалық оқу орны. Оқу орнына қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификат баллына сәйкес болуы тиіс және профильдік пәндер физика мен математика екені айтылды. Курсанттарды оқыту республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Институттың толық күндізгі оқу курсын бітірген тұлғалары үшін институттағы оқу уақыты толық шұғыл әскери қызметті өтеумен теңестіріледі. Институт түлектеріне азаматтық қорғау лейтенанты атағы беріледі.

Азаматтық қорғау органдары қатарында қызмет ету республиканың полиция және қарулы күштері сияқты беделді қызметтерінің қатарына кіреді.

 

Шыңғырлау ауданының ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты  

Ж.Дулатов