Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 06.11.2019

2019 жылдың 5 қарашасында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Егизбаевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді. Күн тәртібінде қысқы кезеңде адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша шаралар қабылдау, РКШОЖ-ға дайындалу және өткізу мәселесін және 2019 жылғы өрт қауіпті кезеңінің қорытындылары туралы мәселелер қаралды.

Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Н. Таубеков өз сөзінде қыс мезгілінде адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша шаралар қабылдау және РКШОЖ-ны өткізу туралы айтып, сондай-ақ 2019 жылғы өрт қауіпті кезеңн қорытындылады.

Ағымдағы жылы ауданы 9739 га болатын 284 табиғи жану және ауданы 1562 га құрайтын 9 орман өрті тіркелді.

РКШОЖ оқу-жаттығу шеңберінде ТЖ-ны жою іс-қимылдарын пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетінін атап өтті.

БҚО ТЖД бөлімшелері 2019-2020 жылдардағы қысқы кезеңде міндеттерін орындау үшін дайындыққа келтірілді.

Жиналыс соңында С. Егізбаев барлық уәкілетті органдарға және облыстық азаматтық қорғау қызметтеріне өрт қауіпті кезеңі мен суға түсу маусымы кезінде төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған шараларды орындауға тапсырма берді.

 

                                                 БҚО ТЖД ЗҚҚА және АҚСББ

 

 

.