Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

06.11.2019

2019 жылдың 5-6 қараша күндері Казталов ауданы орталығында «Қыс-2019» республикалық командалық оқу-жаттығуы өткізілді. ТЖ кезіндегі әрекет етуге дайындықты аудан әкімінің орынбасары, оқу-жаттығудың штаб басшысы Рүстем Мұқаевич Зулкашев тексерді.

Оқу жаттығу кезінде азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі,басқару органдарының күштері мен құралдарының дайындығы айқындалды. Сонымен қатар, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігі дайындыққа келтірілді. Қатысқан 12 азаматтық қорғау қызметтері, 48 бірлік техника және 85 адам. «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы қорытындысы бойынша аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларына жиын өткізіліп нақты тапсырмалар берілді.

Казталов ауданының ТЖБ-нің бастығының

   міндетін уақытша атқарушы

   азаматтық қорғау аға лейтенанты   Н.И.Сисенов

.