Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

25.01.2018

 

 

Қызметтік жұмысты ұйымдастыруда кәсіби деңгейді арттыру  мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ағымдағы жылдың 24-26 қаңтар аралығында Департамент бөлімшілерінің басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиыны өтуде.

 

24 қаңтар күні басталған жиын қатысушыларды сапқа түзеу және саптық байқаудан басталды. БҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжанов қатысушыларға жиынның күн тәртібі мен сабақ кестесін түсіндірді.

 

БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев Департаменттің акт залында жиынның ашылуын өткізді. Шара барысында Жасұлан Қыдырғожаұлы жиын қатысушыларына сәттілік тілеп, оқу барысына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

 

Оқу-әдістемелік жиын кәсіби дайындық мектебі жүйесінде ТЖ басқармасы, ТЖ бөлімдері басшылары мен өрт сөндіру бөлімі бастығы санаты бойынша ұйымдастырылған. Сабақ кестесінде тәрбие және психологиялық жұмысты ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс шаралары және өрт қауіпсіздігі тақырыптарын меңгеру қарастырылған.

 

БҚО ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы