Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.12.2019

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Теректі ауданы төтенше жағдайлар бөлімі және БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 12 ӨСБ-нің қызметкрелері бірлесіп Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы аумағында орналасқан ауылдық округтердегі әлеуметтік жағдайлары осал жанұяларға қауіпсіздік бойынша жаднамалар таратып, әнгімелесулер жүргізуде.

Аталған шараға әр ауылдық округ аппаратының қызметкерелері тартылуда. Қызметкерлер  қыс кезінде тұрғын үй секторындағы  өрт оқиғаларының алдын алу және адамдардың тұншықтырғыш газдан қаза болуы мен жарақаттану оқиғаларының алдын алу шараларын өткізуде. Шараға қатысушылар әлеуметтік жағдайлары осал жанұялардың тұрмысын анықтап, тұрғындар арасында әнгімелесу жүргізуде.

Өрттердің адамдардың отқа деген жауапсыздығынан туындайтыны құпия емес. Өрттердің айтарлықтай бөлігі тұрғын үйлерде орын алады. Темекі тарту мен ас дайындау кезінде отты дұрыс пайдаланбау, бұзылған телетехника, бейне және аудиотехника электр құралдарын пайдалану, пәтерлердегі жөндеу жұмыстары кезінде электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу, балалардың отпен ойнауы тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері.

Құрметті аудан тұрғындары, адам шығына жол бермеу үшін газды және өзге пештер мен жабдықты пайдалану кезінде өрт қауіпсізідігі ережелерін сақтау қажеттігін тағы да естеріңізге саламыз!

 

Теректі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің

инженері aзaмaттық қорғaу aғa лeйтeнaнты

М.Нaзaров

.