Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

05.12.2019

Жылыту маусымы басталуына байланысты өрт қауіпсіздігінің алдын алу және адам қазасын болдырмау мақсатында Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Чапаев ауылының аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасылар тұратын 5 тұрғын үйге көмір қышқыл газынан уланудан сақтайтын газонализатор құрылғыларын орнатты.

Құрылғының арнайы ерекшелігі үйдің ішіндегі газ құрылғыларынан немесе пештен улы газ шықса дабылдық дыбыс беретіні.

Құрылғыны орналастырғаннан кейін, тұрғындарға құрылғының жұмыс істеу ережелерін таныстырды және де дабыл дауысын естіген сәтте эвакуациялық шаралар қабылдап, дереу «101» немесе «112» нөміріне хабарласу керегі ескертілді. 

Е.Б.Кенжеғали

Ақжайық ауданы ТЖБ

инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты