Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

2020 жылдың 18 наурыз күні сағат 20.10-да «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қаласының Садық Жақсығұлов пен Исатай батыр көшелерінің қиылысындағы жоғары вольтты бағанаға кәмелетке толмаған қыздың мініп алып «Секіремін» деп (өз-өзіне қол жұмсау әрекеті) қорқытқаны туралы қоңырау келіп түсті. Осы оқиғаның салдарынан Екінші жұмыс ауылы электр жарығынсыз қалды. Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника жедел жетті. Оқиға орнында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері болды. Құтқарушылар қыз секірген жағдайда құтқармақ үшін батут жайып әзірледі. Жағдайды анықтағаннан кейін құтқарушылар биіктікке көтеріліп келіссөздер жасағаннан кейін 21 сағат 50 минутта  қызға альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен жерге түсуге көмектесті. Суицидке жол бермеуге жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Нұрмұхан Жұмағалиев өзінің жедел және үйлесімді іс-әрекетінің арқасында 2002ж. азаматшаны құтқарды.

БҚО ТЖД