Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында 2020 жылғы 15 мамыр айынан бастап аудан аумағында ауыл шаруашылық техникаларды техникалық байқаудың бірінші науқаны өткізілуде. Техникалық байқауды аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, ішкі істер және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп өткізуде.

Аталған техникалық байқау аудан әкімімен бекітілген кесте бойынша жүргізілуде. Техникалық байқау аудандық жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста өткізілуде. Әр ауылдық округте техникалық байқау туралы, яғни, күні мен уақыты, орнын ауылдық округтер әкімдері ұйымдастыруда.

Техникалық байқау барысында ауыл шаруашылық бөлімінің қызметкері техниканы қарап, аудандық ішкі істер және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шаруа қожалықтары және ауыл тұрғындары арасында дәріс өткізіп, жадынамалар таратуда.

Дәрісте мал азығын тасымалдау кезіндегі ережелер, жол ережелерінің талаптарын сақтау, көліктегі, дала өртінің алдын алу және дала өрті, көліктегі өрт кезінде іс-қимылдар қаралды.

Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының басшыларымен нұсқаулық жүргізіліп, өз қызметкерлері арасында өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын қатан түрінде сақтауды ұсыныс берілді.

Жоғарыда аталған шаралар өткізген кезде кейбір қиыншылықтар да бар, ол ағымдағы жылы елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин болғандықтан шаруа қожалық иелері өз техникаларына техникалық бөлшектерді де ала алмауда. Сондықтан аудан аумағындағы барлық ауылдық округтерде қайта екінші науқан өткізіледі, себебі, кейбір шаруа қожалықтары техникаларын әлі де жөндеп дайындауда.

Шөп шабу науқанында Жәнібек ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдары және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейдттер мен патрульдер ұйымдастыруды жоспарлауда.

 

Жәнібек ауданы ТЖБ бастығы

             азаматтық қорғау майоры

С.Алтаев