Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Ауа- райының құрғақ, жылы келуіне орай ормандарда, далаларда және ауыл шаруашылық нысандарындағы өрттің пайда болу мүмкіндігі артады. Өрт нәтижесінде ауыл шаруашылық егіндері, орманды алқаптары және шөптер үлкен көлемде жойылуы мүмкін.

Ормандағы өрт әр-түрлі себептерден пайда болуы мүмкін. Бірінші орында ол өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғаннан орын алады. Орманда немесе орман жанында ашық от жағып, ағаш жағатын, сіріңкелерді және темекі қалдықтарын қалдырып кетіп, нәтижесінде арты келеңсіз оқиғаға әкелетінін ойламайтын азаматтар кездеседі. Осындай жағдайларды ескере отырып БҚО ТЖД Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, Жергілікті учаскелік полиция бөлімі және Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бірлесіп  ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Орман және дала өртін алу мақсатында рейдтік патрульдеу шарасы ұйымдастырылды. Рейд кезінде орманда жүрген адамдарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жадынамалар таратылды.

Орманда өртті болдырмау үшін келесі ережелерді еске саламыз:

  • От жағуға, мангалдарды, ас әзірлеуге арналған тағы басқа құралдарды қолдануға;
  • Шылым шегуге, жанып тұрған шырпы мен темекі қалдығын тастауға, шылым шегетін трубкалардан ыстық шоқты қағуға;
  • Орманда майланған немесе бензин, керосин және басқа жанғыш заттар сіңген сүртуге арналған материалды қалдыруға;
  • Қоқысты және шөпті өртеуге тыйым салынады.

Орманда немесе далада өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Өрт кезінде «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз!

 

 

БҚО ТЖД Ақжайық ауданының

ТЖБ-нің инженері азаматтық қорғау

аға лейтенанты Кенжеғали Еламан Болатұлы