Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

26.01.2018

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 549 жарлығымен азаматтық қорғау шеңберіндегі уәкілетті орган мен білім беру ұйымдарының Жалауы бекітілді.  

 

 

Осыған байланысты 2018 жылдың 26 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің акт залында БҚО ТЖ Департаментіне Ту табыстау рәсімі өтті. Бұл шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Хасенов, БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев, Департамент басшылығы және де төтенше жағдайлар басқармасы, бөлімдері мен өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары қатысты.

 

Шара барысында, табыстау рәсіміне облысымызға ҚР ІІМ министрі атынан келген ҚР ІІМ ТЖК ТЖАБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Хасенов БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашевқа Туды табыс етті.

 

Сонымен қатар шарада сөз алған Департамент ардагерлер ұйымының төрағасы Ермекқали Машанов пен Азаматтық қорғау ардагері запастағы полковник Константин Федотов шараға қатысушыларды құттықтап, бүгінгі өтіп жатқан шараның маңызын атап өтті.

 

 

БҚО ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы