Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

29.01.2018

 

 

2018 жылғы 29 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Мусиев пен БҚО ТЖД Орал қаласының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі О. Протопопова облыс мектептері оқушыларының қатысуымен онлайн режимінде «Қыс мезгілінде мұздағы қауіпсіздік», «Жолда қайғылы оқиғаға ұшырамау үшін не істеу қажет?» тақырыптарында интерактивтік сабақ өткізді. Облысымыздың 21 білім мекемесінің 620 оқушысы қамтылды. Интерактивтік сабақта қыс мезгілінде қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері слайдтық материалдардың сүйемелдеуімен түсіндірілді. Сабақ барысында облымыздағы өткен жылдардың қыс мезгілінде су айдындарында құрбыларын ажал ауызынан арашалап қалған оқушылардың ерлігі жөнінде баяндалды. Аталмыш ерлікпен көзге түскен оқушылар, құтқару әдістерін осындай интерактивтік сабақтардың бірінде көріп, меңгергенін айтып кету жөн.

 

Сабақ соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіби тұрғыдан жауап берілді.

 

БҚО ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі