Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

26.01.2018

 

 

2018 жылдың 26 қантар күні БҚО ТЖД Казталов ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.И.Сисенов  Казталов аудандық білім беру бөлімінің Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің түлектеріне ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты туралы үгіт -насихат жұмыстарын жүргізді.

 

 

Үгіт -насихат жұмыстарын жүргізу барысында институтқа ҰБТ табысты тапсырған, орта білімді 2018 жылғы мектеп түлектері және бұрынғы орта білім алған түлектерге бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектерімен кешенді тестілеудің,   денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданатыны туралы,  оқуға түсу шарттары туралы, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына іріктеуден үздік өткендер Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ бейімді жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндігі берілетіні айтылды.

 

 

Оқуға қабылданған курсанттар казармалық жағдайда 3 курс оқыса, соңғы курста Көкшетау қаласында еркін тұруына болады. Оқу  мемлекет тарапынан тегін жүзеге асырылып, азық-түлік пен нысанды киім – кешекпен, мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етілетіні түсіндірілді.             

 

 

 Казталов ауданының Төтенше

 жағдайлар бөлімінің аға инженері

 азаматтық қорғау аға лейтенанты

 Н.И.Сисенов