Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

29.01.2018

 

 

Орал қаласындағы Гагарин атындағы балалар кинотеатрының  ұжымы балалардың қауіпсіздігі бойынша Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп дәстүрлі түрде бірқатар іс-шараларды ұйымдастырып келеді. 2018 жылы 29 қаңтарда кинотеатр шаңырағында төтенше жағдайлардың  алдын алу мақсатында №21 ЖОББМ 5 сынып оқушыларына кинолекторий өткізілді.

 

 

Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрының меңгерушісі А.Х.Стародубцева алғашқы сөз сөйлеп, аталмыш шараның тақырыбы мен мақсатын айтып өтіп, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұралы Кажмуканович Мусиевпен таныстырды. Ол балаларға үсік шалудың алдын алу шараларымен таныстырып, қатты аяз кезінде дұрыс әрекет етудің жолдарын нақты айтып өтті. Сонымен қатар, көктайғақ, қарлы боран кезіндегі қатерден сақтану жолдарын, жолдан өткенде көктайғақ кесірінен көліктің тез тоқтау мүмкіншілігі қиын болғандықтан, өте сақ өту керектігін айтып өтті.

 

 

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздік кезіндегі сақтық шаралары назардан тыс қалмады.

Балалардың назарына шатырдағы мұздардың адам өміріне қауіпті екендігін айта кетті.

Сабақ барысында ойын түрінде викториналық сұрақтар қойылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Кейін балалар «Гололед», «Лед на реке», «Основы пожарной безопасности» деректі фильм мен роликтерді көрді.

 

 

Осындай шаралар болашақта да жалғасын табады деп ойлаймыз. Себебі, алдағы уақытта көктем мезгіліндегі су тасқыны және жаз мезгіліндегі суға түсу кезеңдері бар.

 

Гагарин атындағы балалар кинотеатры басшылығы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұжымына шексіз алғысын білдіреді.

        

 

Гагарин атындағы балалар

кинотеатры меңгерушісі: А.Х.Стародубцева