Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Департаменттің маңызды функцияларының бірі - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңына сәйкес жүргізілетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау болып табылады.


2018 жылғы ІІІ тоқсан бойынша жеке тұлғалардан 177 өтініш және заңды тұлғалардан 47 өтініш түсті. Соның ішінде, департаментте 9 қабылдау, «ӨСжАҚЖҚ» ММ 47 қабылдау, «ЖҚЖ» ММ 16 жеке қабылдау өтті.


Жалпы өтініштердің басым бөлігі төтенше жағдайлар жөнінде. Департаментке келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылады.


Келіп түскен өтініштердің ешқайсысында Департамент атына сын ескертпелер болған жоқ. Өтініштерді немесе Департамент басшылығының жеке қабылдауына жазылуға қарсылық білдіру фактілері анықталған жоқ.


Ведомстволық бағынысты бөлімшелерді кешенді тексеру барысында топ қызметкерлерімен өтініштермен жұмыс жасау жағдайы да тексеріледі.


Тоқсан сайын Департамент бастығының бұйрығымен Департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі бекітіледі. Азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы есеп Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне жіберіліп, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Web-сайтында орналастырылады. Сонымен қатар, «1402» - Бірыңғай сенім телефоны, БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының телефоны 92-10-12 және ok_dchs_ Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасы жұмыс жасайды.


Кәсіптік дайындық шеңберінің есептік кезеңінде Департаменттің жауапты қызметкерлерімен ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы және басқа да өтініштерді қабылдау және тіркеу жөнінде құқықтық-нормативтік актілерін оқыту бойынша сабақтар өтіп отырады.