Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

23.03.2016

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау органдарының аттестатталған қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 090000, Орал қаласы, Евразия даңғылы, 90, каб.104 тел. 8(7112)512702, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

1. Жаңақала ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері (C-SVR-7) – 2 бірлік, Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері (C-SVR-7) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылауды іске асыру, өз құзыреті шеңберінде төтенше жағдайлар туындауға әкеліп соққан аварияларға, апаттарға тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары: өрт қауіпсіздігі, әскери мамандықтар, құрылыс, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, жылу энергетикасы, электр энергетикасы,  радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды жасау, механика, мұнай-газ ісі, тыныс-тіршіліктің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау, тау-кен ісі, ҚР Заңдарын білуі, мемлекеттік тілді білгені жөн, 35 жастан аспауы шарт. ҚР Қарулы күштер қатарында қызметі міндетті. Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажет міндетті білімнің, қабілеттің және дағдының болуы.  

2. Казталов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері (C-SVR-8) – 1 бірлік, Шыңғырлау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері (C-SVR-8) – 1 бірлік, Жәнібек ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері (C-SVR-8) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылауды іске асыру, өз құзыреті шеңберінде төтенше жағдайлар туындауға әкеліп соққан аварияларға, апаттарға тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары: өрт қауіпсіздігі, әскери мамандықтар, құрылыс, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, жылу энергетикасы, электр энергетикасы,  радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды жасау, механика, мұнай-газ ісі, тыныс-тіршіліктің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау, тау-кен ісі, ҚР Заңдарын білуі, мемлекеттік тілді білгені жөн, 35 жастан аспауы шарт. ҚР Қарулы күштер қатарында қызметі міндетті. Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажет міндетті білімнің, қабілеттің және дағдының болуы.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: (белгіленген үлгі бойынша өтініш, белгіленген үлгі бойынша  сауалнама, кадрларды тіркеу бойынша жеке іс парағы, өз қолтаңбасымен жазылған, сондай-ақ басып шығарылған өмірбаяны; нотариальды шандырылған білімі туралы құжаттардың көшірмесі; нотариальды шандырылған еңбек кітапшасының көшірмесі, әскери билеттің көшірмесі; соңғы жұмыс орнынан мінездеме (еңбек өтілі болған жағдайда); 3х4 төрт фотосурет, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен сотталмағаны және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама) бұқаралық-ақпараттық құралдарға конкурс өткізілетіні туралы хабарландырудың жарияланғаннан күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжайға ұсынылуы қажет.

Үміткерлер БҚО ТЖД мемлекеттік мекемесінде ҚР Конституциясы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Әдептілік кодексін білу деңгейі бойынша тестілеуден өтеді, логикалық тест және дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырады. Конкурсқа қатысу бойынша барлық шығынды азаматтар жеке қаражаты есебінен шығарады.