Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

19.05.2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі өртке қарсы қызметі аттестатталған қызметкерлерінің ваканттық лауазымдарына конкурс жариялайды.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 090000, Орал қаласы, Достық-Дружбы даңғылы,215, тел. 8(7112)535833, 8(7112)513357, факс 8(7112)535833, emer.kz.

1.       №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің дәрігері (C-SGU-12) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Батыс Қазақстан облысы өртке қарсы қызмет гарнизоны қызметінің медициналық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады. Оқу жаттығулары мен спорттық шараларды өткізу кезінде бөлімше жеке құрамының медициналық тексеруді өткізеді. Созылмалы аурулармен сырқаттанған тұлғалардың медициналық бақылауын ұдайы жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім (педиатрия, гинекология, стоматологияны санамағанда), маман сертификаты, ҚР Заңдарын білуі, мемлекеттік тілді білгені жөн, 35 жастан аспауы шарт.

2.  Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы өрт байланысы орталық пунктінің байланыс аға шебері (C-SV-12) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: басқарма және бөлімшелер органдарының өрт байланысы құралдарын қолдануға және оның дайындығын қамтамасыз етуге, өрт байланысы құралдарын пайдалану мен жөндеуді, уақтылы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, байланыс құралдарының құрылымдық, негізді сұлбасын және құрылымын білуге; өлшеуіш аспаптармен жұмыс жасай алуға және олардың негізгі техникалық деректерін білуге міндетті.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, мамандық бойынша техникалық білімі болуы. Лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті бейімінің болуы, шеберлігі мен дағдысының болуы қажет; аналогтық және цифрлық АТС телефондарымен жұмыс тәжірибесі, Windows 2000 Pro, Windows 2000 Server, Windows XP, Windows 2003 Server, Linux операциялық жүйелерін білуі, пошталық бағдарламалар мен пошталық серверлерде жұмыс істей білуі, домендерді, Active Directory, WINS, DNS, IIS тексерушілерді реттей білуі, радиожабдықтарды жөндеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, конкурсқа қатысушының жасы 18 жастан төмен емес 25 жастан аспауы шарт.

3. Өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері (C-SV-13) – 11 бірлік. 

  1. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 2 бірлік.
  2. №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 1 бірлік.
  3. №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 1 бірлік.
  4. №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (Ақсай қ.) – 1 бірлік.
  5. №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (Сайхин а.) – 1 бірлік.
  6. №19 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (Қазталовқа а.) – 1 бірлік.
  7. №21 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (Дарьинск а.)  – 2 бірлік.
  8. №23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (Федоровка а.)  – 1 бірлік.
  9. №29 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері (Орда а.)  – 1 бірлік. 

Функционалдық міндеттері: өрт орнына өрт сөндіру автомобилімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, В,С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар, лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті бейімінің, шеберлігі мен дағдысының болуы қажет; Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, бойы 170 см. кем болмауы, конкурсқа қатысушының жасы 18 жастан төмен емес 25 жастан аспауы шарт.

4.БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі                (C-SV-13) – 10 бірлік. 

  1. №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі – 1 бірлік.
  2. №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы –2 бірлік.
  3. №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (Ақсай қ.) – 1 бірлік.
  4. №8 өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру бекетінің өрт сөндірушісі (Ақсай қ.) – 1 бірлік.
  5. №16 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (Қаратөбе а.) – 1 бірлік.
  6. №19 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (Қазталов а.)  – 1 бірлік.
  7. №20 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (Жаныбек а.)  – 1 бірлік.
  8. №22 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (Шыңғырлау а.)  – 1 бірлік.
  9. №25 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі (Переметное а.)  – 1 бірлік. 

Функционалдық міндеттері: өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Өрт-техникалық жабдықтарын жөнді күйде ұстау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, конкурсқа қатысушының жасы 18 жастан төмен емес 25 жастан аспауы шарт.

5.БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы  (C-SV-13) –3 бірлік. 

  1. №2 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы – 1 бірлік.
  2. №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы – 1 бірлік.
  3. №7 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы (Круглоозерное а.) – 1 бірлік. 

Функционалдық міндеттері: телефон желісі «101» байланыс нөмері бойынша өрт және басқа да төтенше жағдайлар туралы хабарлама қабылдауды жүзеге асырады, өрт сөндіру бөлімшесінің өрт орнына шығуын, өртті және төтенше жағдайларды жою кезінде байланысты қамтамасыз етеді.   Байланыс құралдарын жөнді күйде ұстау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, бойы 168 см. кем болмауы, конкурсқа қатысушының жасы 18 жастан төмен емес 25 жастан аспауы шарт.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: (белгіленген үлгі бойынша өтініш, белгіленген үлгі бойынша  сауалнама, кадрларды тіркеу бойынша жеке іс парағы, өз қолтаңбасымен жазылған, сондай-ақ басып шығарылған өмірбаяны; нотариальды шандырылған білімі туралы құжаттардың көшірмесі; нотариальды шандырылған еңбек кітапшасының көшірмесі, әскери билеттің көшірмесі; соңғы жұмыс орнынан мінездеме (еңбек өтілі болған жағдайда); 3х4 төрт фотосурет, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен сотталмағаны туралы анықтама) бұқаралық-ақпараттық құралдарға конкурс өткізілетіні туралы хабарландырудың жарияланғаннан күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжайға ұсынылуы қажет.

Қарастыруға конкурсқа тапсырған құжаттарын көрсетумен, іс тігілетін папкасына жиналған құжаттар қабылданады.

Үміткерлер БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінде ҚР Конституциясы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Азаматтық қорғау туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу деңгейі бойынша тестілеуден өтеді, дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырады. Конкурсқа