Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

10.08.2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Еуразия даңғылы 90, 105 бөлме анықтама үшін телефоны: 8 (7112) 51 27 02, факс: 8 (7112) 51 27 02, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялайды:

1.  Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (С-О-5) - 1 бірлік, жалақы (83282теңге – 112430 теңге).

Функционалдық міндеттері: Жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру, жоспарлау, бухгалтерлік есепке алу мен есеп беру, қаржылық бақылау және басқа да қаржылық-шаруашылық қызметтері бойынша жұмыстарын тікелей жүргізу.

тиісті қаржылық жылға бөлінген жергілікті бюджеттік қаражатты толық көлемде ай сайын игеруді қамтамасыз ету және  міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сай  берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелер қабылдау және бақылау жүргізу, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгертулерді ескере отырып, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сай және бюджеттік бағдарламалардың жоспарына сәйкес  қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатқа сай шығындалуын қамтамасыз ету, сонымен қатар ақшалай қаражат пен мүліктік құндылықтардың сақталуын қадағалау;

Жергілікті бюджет есебінен алынған материалдық құндылықтардың есебін жүргізуді, операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарына дер кезінде түсуін, есеп айырысу олардың  заңдылығын, құжаттардың уақытылы және дұрыс ресімделуін және аяқталған операциялардың заңдылығын қамтамсыз жасайды;

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша (шағын бағдарламалары) үш жылдық кезеңге негіздемелермен, оларға қатысты есептеулермен бюджеттік өтінімді жасайды және республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімді жасауға қатысады;

Жергілікті бюджет бойынша:

жеткізушіні енгізуге тапсырыс құрайды, ұсынылған реквизиттерге сай жеткізушілердің реквизиттерінің дұрыстығын тексереді;

ұсынылған құжаттар негізінде міндеттемелерді, келісім-шарттарды Қазынашылық Департаментінде тіркеуге тапсырыс құрайды; келісім-шарттарды тексеру барысында Қазақстан Республикасының 21.07.2007 жылғы №303 «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының және ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 26.02.2009 жылғы №220 республикалық және жергілікті бюджетті орындау Ережесінің талаптарының сақталуын бақылайды;

Келісім-шарт шарттарын /келісім-шарттың әсер ету мерзімін, алдын ала төлем пайызын, қойылым мерзімін/ бақылайды;

Электрондық құжаттарға (ЭЦҚҚ) электронды сандық қол қояды, электронық құжаттар айналымын жүргізуде қауіпсіз жұмыс орнын қамтамасыз етеді, және ЭЦҚҚ жабық кілтті құпия сақтайды;

Ай сайын жергілікті бюджетті орындау Ережесіне сай Қазынашылық Департаментімен 4-09, 4-12 формалары бойынша сәйкестік тексеру жүргізеді;

144, 149, 151, 152, 154, 159,  411, 412, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 429 келісім-шартты ерекшеліктер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына сараптау жүргізеді, жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер бойынша бөлінген лимиттердің үнемделуі немесе шектен тыс шығындалу себептерін анықтайды, былтырғы жылдың баламалы кезеңімен салыстыру жүргізеді және жүргізілген сараптау негізінде  сәйкес қаржылық жылға тапсырыс құру барысында бағдарламалар және бағдарлама тармақтары бойынша ұсыныстар береді. Қаржылық қызметі туралы кестелер, анықтамалар даярлауға мәліметтер ұсынады;

7-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;

9-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;

10-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды арнайы киім-кешекті және жеке пайдаланудағы басқа да заттардың шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;

13-мемориалды    ордер  –  Нысандар      альбомының    396    нысанды материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомосі;

17-мемориалды    ордер –  Нысандар    альбомының    409-б    нысанды активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі; 

18-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409-в нысанды өзге операциялар бойынша кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;

19-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;

20-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-а нысанды бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;

21-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-б нысанды активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосілерін жүргізеді;

Сонымен бірге республикалық бюджет есебінен қаржыландыру, жоспарлау, бухгалтерлік есепке алу мен есеп беру, қаржылық бақылау 8-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 386 нысанды есеп беруге жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосінің жұмыстарын тікелей жүргізеді;

Ай сайын бас кітаппен шоттардың қалдығын тексереді;

Төтенше жағдайлар комитетімен және БҚО Қаржы басқармасымен активтерді есептен шығару бойынша хат алмасуларды жүргізеді (ОС-3,4 нысан);

Коммуналдық меншіктегі мүліктік құндылықтарға жылдық түгендеу жүргізеді, түгендеу актісін мен оған ведомостілер толтырады;

Департамент қоймасынан коммуналдық меншіктегі мүліктік құндылықтар алуға құжаттар жазып береді, жіберілген тауарлық-мүліктік құндылықтарға авизо және хабарламалар жазып береді;

Жергілікті бюджет есебінен ведомствалық бағыныстағы мекемелерге өтеусіз берілген тауарлы-материалдық құндылықтарды рәсімдейді және есебін жүргізеді;

Жергілікті бюджет бойынша активтердің өтеусіз берілуін қамтамасыз ету бойынша хат, құжаттарды рәсімдейді;

Белгіленген нормалар бойынша активтерге тозуды есептейді;

ҚР ІІМ ТЖК және  жергілікті органдармен  хат алмасуды жүргізеді;

Коммуналдық меншіктегі мүліктік құндылықтардың қозғалысы туралы есеп жасайды ф№5,6 нысан жылдық есеп беруге қосымш және мағынасын ашады; 

Коммуналдық меншіктегі мүліктік құндылықтарды есептен шығару, іске асыру, шығындауға негіз болатын бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары. «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика,  қаржы, есеп және аудит) мамандықтары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Ехсеl, «1С Бухгалтерия» бағдарламасымен  компьютерде жұмыс істей білу және мемлекеттік тілді білуі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.

 «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. 

2.  Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті кадр жұмысы  бөлімінің бас маманы (С-О-5, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезінде 2017 жылғы 30 қыркүйекке дейін) - 1 бірлік, жалақы (83282 теңге – 112430 теңге).

Функционалдық міндеттері: Кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес қызметкерлерді іріктеуде конкурстар ұйымдастыруға;

Департаменттің бөлімдерін қажетіне қарай уақытында сұратылған көлемдегі штаттық кестеге сәйкес, біліктілік пен мамандықтар бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметшілермен қамтамасыз етіп отырудағы жұмыстарға қатысу;

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және қызметтік дайындығының өткізілуін,  шектеулердің сақталуын бақылау;     

Әкімшілік мемлекеттік  қызметшілердің аттестациядан уақытында өткізілуіндегі жұмыстарды ұйымдастыруға;

Департамент қызметкерлерінің жеке және сандық есебін   (ӘМҚ) жүргізуге;

Өз жұмысын ұйымдастырудағы қабілетін арттыру, ақпараттық-талдамалы сипаттағы үлгілерді игеру, тіл табысу;

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізу.

Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары. «Құқық» (құқықтану), «Білім» (педагогика және психология), «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару), «Техникалық ғылымдар және технология» (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) мамандықтары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мемлекеттік тілді білуі.

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын  білуі керек.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; Шетелдік оқу орындарын бітіргендер білімі туралы құжаттарын нострификациялау қажет.
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер де азамат еңбек етпеген болса және конкурс жарияланып отырған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін тапсыру талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар жалпы  конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап       7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық пошта адресіне электронды түрде жіберген құжаттар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы жіберген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей береді.

Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толықтай ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болады. 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс  күні ішінде конкурс жариялаған Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде  өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Мемлекеттік орган басшысының келісуімен конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Аталмыш лауазымға орналасқан тұлғаға көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.