Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

29.09.2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Еуразия даңғылы 90, 105 бөлме анықтама үшін телефоны: 8 (7112) 51 27 02, факс: 8 (7112) 51 27 02, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялайды:

1.  Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету тобының  бас маманы (С-О-5) - 1 бірлік, жалақы (83282теңге – 112430 теңге).

Функционалдық міндеттері: Топтың бас маманына келесідей міндеттер жүктеледі:

Департаменттегі құжат айналымының Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша жүйелі жүргізілуіне бақылау жасай отырып, жүйе бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді және Департамент басшылығы мен жеке құрамын үнемі хабардар етіп отырады.

Министрліктен, Комитеттен, облыс әкімдігінен және басқа да қадағалаушы органдардан келіп түскен тапсырмалардың, бұйрықтардың, бақылау актілерінің, хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзіміне бақылауды жүзеге асырады және орындаушылық тәртіп жай-күйіне талдау жасайды.

Бақылауда тұрған құжаттардың орындалу жай күйі туралы Департамент басшылығына ақпарат береді.

Министрліктен, Комитеттен, Департаментінің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты және жедел бағыныста тұрған ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және мекемелерден қағаз және электронды түрде келіп түскен құжаттарды, хаттамаларды, актілер мен тапсырмаларды зерделеп, тіркелуін қамтамасыз етеді, уақтылы қаралуы мен жіберілуін жүзеге асырады.

Топ қызметі бойынша Комитетке және өзге де мүдделі органдарға ұсынылатын ақпараттар мен есептердің сапалы және уақтылы дайындалуын ұйымдастырады.

Департаменттегі  құжат айналамының Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі-ЭҚАБЖ) бойынша жүйелі жүргізілуін қамтамасыз етеді, тұрақты мониторингтер жүргізеді.

«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар кіріс және шығыс құжаттарының тіркелуін, олардың есепке алынуын, уақтылы қаралуы мен жіберілуін және сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бұйрықтардың тіркелуін, талапқа сай ресімделуін тексеріп, келісуге ұсынады.

  «Қызмет бабында пайдалану үшін»  белгісі бар құжаттарға қатысты бұйрықтарды, нұсқаулықларды дайындап, Департамент  бастығына келісуге ұсынады.

Комитеттің веб-порталы мен веб-сайт ақпараттық жүйелеріне Департамент құзыретіне қатысты ақпараттарды әзірлейді және ұсынады.

Департаменттің ақпараттық жүйесіне Топ қызметіне қатысты ақпараттарды әзірледі және ұсынады.

Қызметітің тиісті бағыттары бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты және жедел бағыныста тұрған ұйымдарымен өзара іәс-қимылды, ақпарат алмасуды ұйымдастырады.

Топтың құзыреті шегінде  іс жүргізу мен мұрағат ісі мәселелері бойынша семинарлар,кеңестер өткізуді ұйымдастырады.

Департаментітің аумақтық органдарындағы істердің нақты жағдайын анықтап, зерделейді, олардың қызметінің тиімділігін арттыру шараларын қабылдау мақсатында тексерістерге қатысады.

Департаменттің басқармалары мен бөлімдеріне іс қағаздарын жүргізу мәселесі бойынша әдістемелік әрі практикалық көмектер көрсетеді.

Қызметтік, еңбек тәртібін, құпиялық режим мен жұмылдыру дайындығының заңдылықтарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерінің этикасын мүлтіксіз сақтайды.

Кәсіби, мәдени және спорттық деңгейін арттыру бойынша жұмыстанады.

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізеді.             

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары. «Білім» (қазақ тілі мен әдебиет, қазақ тілінде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (есептеу техникасы мен бағдарламалармен жабдықтау), «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару), «Құқық» (құқытану), «Гуманитарлық ғылымдар» (халықаралық қатынастар), «Жаратылыстану ғылымдары» (Экология) мамандықтары.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының тілдер  туралы», «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; Шетелдік оқу орындарын бітіргендер білімі туралы құжаттарын нострификациялау қажет.
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер де азамат еңбек етпеген болса және конкурс жарияланып отырған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін тапсыру талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар жалпы  конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап       7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық пошта адресіне электронды түрде жіберген құжаттар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы жіберген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей береді.

Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толықтай ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болады. 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс  күні ішінде конкурс жариялаған Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде  өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Мемлекеттік орган басшысының келісуімен конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Аталмыш лауазымға орналасқан тұлғаға көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.