Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

23.11.2017

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Еуразия даңғылы 90, 105 бөлме анықтама үшін телефоны: 8 (7112) 51 27 02, факс: 8 (7112) 51 27 02, электрондық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялайды:

 

 

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы (С-О-5) - 1 бірлік, жалақы (83282теңге – 112430 теңге).

 

            Функционалдық міндеттері: Бөлімін бас маманына келесідей міндеттер жүктеледі:

Жұмыстың нақты жұйелері мен бағаттары бойынша қызметтік жағдайдың мониторингі, талдау және дамуын болжау;

табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар болу қаупі төнгенде немесе болған кезде халықты және аумақтарды қорғау, төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша іс-әрекет жоспарларын дайындауға және түзетуге қатысу;

облыстың (қаланың) авариялық-құтқару қызметтерінің және Азаматтық қорғау құралымдарының дайындық жағдайы туралы ақпараттарды сараптау және есепке алу жұмыстарына қатысу;

төтенше жағдайлар түрлері бойынша авариялық-құтқару қызметтері және Азаматтық қорғау құралымдарының, соның ішінде облыс (қала) аумағында террористік актілер қолдану қаупі төнгенде немесе туындаған кезде бөлінетін күштер мен құралдардың топтамаларын есепке алуды және түзетуді жүзеге асыру;

гуманитарлық акцияларды ұйымдастыруға, дайындауға және өткізуге қатысу;

табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкелген авария, зілзала және апаттардың себептерін тексеруге қатысу;

өз құзыреті шегінде авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды сынақтан өткізуді ұйымдастыруға қатынасу;

Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлеріне сыныптылық денгей дағайындау бойынша есепті жүргізу;

өз құзыреті шегінде облыстың қалалары, аудандары, Азаматтық қорғау қызметтерінде, мекемелерінде кешенді тексерістер және командалық-штабтық жаттығуларды дайындау және өткізуге қатысу;

өз құзыреті шегінде облыстың қалалары және аудандарының төтенше дағдайлар жөніндегі басқармалары, бөлімдері қызметкерлеріне, жергілікті атқарушы органдардың Азаматтық қорғау бойынша мамандарына, Азаматтық қорғау қызметтері мамандарына әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсету;

облыстық (қалалық) Азаматтық қорғау қызметтерінің жұмысын үйлестіру, оларға әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсету;

табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін тартылатын облыстың (қаланың) авариялық-құтқару қызметтері және Азаматтық қорғау  құралымдарының күштері мен құралдары жөнінде мәліметтер банкісін құру үшін ақпараттық-анықтама материалдарын әзірлеу;

басшылыққа хабарлау үшін мониторинг, талдау және жобалау нәтижелері бойынша материалдарды дайындау;

авариялық-құтқару қызметтерінің төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға дайындығы жөнінде жедел кеңестерге материалдар дайындау;

терроризм және экстремизмге қарсы іс-әрекет сұрақтары бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметтерін ұйлестіру және мемлекеттік органдардың аумақтық органдарымен қарым-қатынас ұйымдастыру;

қабылданған нормативтік құқықтық актілерді және басшылықтың нұсқауларын, сондай-ақ өзге де басқарушылық шешімдерді орындауды ұйымдастыру;

қабылданған нормативтік құқықтық актілерді, басшылықтың нұсқауларын және өзге де басқарушылық шешімдерді орындау барысында мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ Министрліктің қызметтік стратегиясын іске асыру;

қабылданған нормативтік құқықтық актілерін, басшылықтың нұсқауларын іске асыру нәтижелері бойынша есептік материалдар мен ұсыныстарды дайындау;

жаңа технологияларды, басқарудың прогрессивті формаларын енгізу үшін жағдайлар жасау;

жаңа технологияларды, басқарудың прогрессивті формаларын, еңбекті бағалаудың ғылыми негізделген өлшемдерін кең қолдану негізінде жұмыс қызметтерін жүзеге асыру;

қадрлық, техникалық және әкімшілік ресурстарды қолдануын тиімділігі мен ұтымдылығын арттыру мақсатында мониторингті жүзеге асыру және жаңа технологияларды үйрену;

кәсіби, мәдени және спорттық деңгейін көтеруге жұмыс істеу;

қызметтік уақытты аса тиімді пайдалану үшін жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыру;

жас мамандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету, тәлімгерлік институтының дамыту;

хаттарды, арыздарды және өтініштерді қарау, өз уақытында жауаптарды дайындау;

Өз жұмысын ұйымдастырудағы қабілетін арттыру, ақпараттық-талдамалы сипаттағы үлгілерді игеру, тіл табысу;

 Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізу. Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. «Әскери іс және қауіпсіздік», «техникалық ғылымдар және технология саласында» (Командалық тактика, радиотехникалық құралдар, мүнай-газ ісі, тау-кен ісі, технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару)  мамандықтар.     

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу қажет.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

   «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

 «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

  Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланып отырған бос лауазым еңбек өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолм-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» эдектронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov» эдектронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

 

 

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің  аппаратында өтеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

  __________________________
           (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________ _____________________________________________________________________________

 

 

 

__________                                                               ____________________________________

    (қолы)                                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания

 (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі

(болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс

 орны, мекеменің орналасқан жері/

должность, место

работы,

местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата