Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

27.11.2017

 

2017 жылғы  7 қарашада Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті веб-порталында және «Қызмет.кз» порталында «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметші бос лауазымына – тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы лауазымы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына дейін) - 1 бірлік, С-О-5 санаты бойынша хабарландыру жарияланды.

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізетін конкурстық комиссия құрылды.

 

Конкурстық комиссия қызметінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сарапшы ретінде Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Ильдар Рафикович Гайнутдинов, сондай-ақ байқаушы ретінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанбулат Тыныштыкович Амангалиев шақырылды.

 

Тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы бос лауазымдық орынға конкурсқа қатысу үшін 4 үміткер өтініш берді.

 

Конкурстық комиссия С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ұсынылған құжаттарды қарастыра келе,  өтініш пен конкурсқа қатысушының қажетті құжаттарын ұсынған барлық үміткерлерді  әңгімелесуге  жіберілуіне бірауыздан шешім шығарды.

 

2017 жылғы 22 қараша  күні С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға үміткерімен әңгімелесу өткізілді.

 

Үміткерімен әңгімелесудің жүргізілу барысы бөлек хаттама түрінде ресімделді. Үміткердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптарын және тиісті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығын негізге алды.

 

Үміткермен әңгімелесуден кейін конкурстық комиссияның қорытынды отырысында келесідей шешім шығарылды:

 

Тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына дейін)  бос лауазымына Миргуль Амантаевна Нуржанова ұсынылсын.