Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

11.10.2016

2016 жылғы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті веб-порталында және «Қызмет.кз» порталында «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметші бос лауазымына – бас маман лауазымы – құжаттамалық қамтамасыз ету тобы – 1 бірлік, С-О-5 санаты хабарландыру жарияланды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізетін конкурстық комиссия құрылды.

Конкурстық комиссия қызметінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сарапшы ретінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрлігі департаменті бас маманы А.Тастемиров және Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасының кадр жұмыс бөлімінің бас маманы Бақытгүл абайқызы Мәжітова, сондай-ақ байқаушы ретінде – «Ішкі істер органдары және Ұлттық гвардия Қазақстандық ардагерлер ұйымы», «Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар бөлімшелері ардагерлері ұйымы» Қоғамдық бірлестігі филиалы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермеккали Дуйсахаевич Машанов шақырылды.

Бос лауазым бойынша конкурсқа қатысу үшін 8 үміткер құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы лауазымына өтініш берді.

Конкурстық комиссия С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ұсынылған құжаттарды қарастыра келе әңгімелесуге барлық ұсынылған өтініштер мен конкурсқа қатысушылардың қажетті құжаттарының жіберілуіне бірауыздан шешім шығарды.

2016 жылғы 7 қазан С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға үміткерлермен әңгімелесу өткізілді. Әңгімелесуге 7 үміткер келді, 1 үміткер белгіленген уақытта келген жоқ.

Үміткерлермен әңгімелесудің жүргізілу барысы бөлек хаттама түрінде ресімделді. Үміткердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен сәйкесті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығын негізге алды.

Үміткерлермен әңгімелесуден кейін конкурстық комиссияның қорытынды отырысында келесідей шешім шығарылды:

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы бос лауазымына үміткер Жанна Сакеновна Мухамбеталиеваны ұсыну.