Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

21.12.2016

2016 жылғы 2 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті веб-порталында және «Қызмет.кз» порталында «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер бос лауазымына – бас маман лауазымы –мемлекеттік тіл және ақпараттық тобы – 1 бірлік, С-О-5 санаты және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы лауазымына (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шығу уақытына дейін) – 1 бірлік, С-О-5 санатына хабарландыру жарияланды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізетін конкурстық комиссия құрылды.

Конкурстық комиссия қызметінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сарапшы ретінде Батыс Қазақстан облысы Тілдер дамыту басқармасының бас маманы Атауова Аяжан Габдулловна және «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Аумақтық қорғаныс басқармасы қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі маманы Хабайдуллина Гулнур Жумагельдиевна, ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің БҚО департаменттің бас маманы Г.Давлетова,  сондай-ақ байқаушы ретінде – «Ішкі істер органдары және Ұлттық гвардия Қазақстандық ардагерлер ұйымы», «Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар бөлімшелері ардагерлері ұйымы» Қоғамдық бірлестігі филиалы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермеккали Дуйсахаевич Машанов шақырылды.

Бос лауазым бойынша конкурсқа қатысу үшін 5 үміткер, соның ішінде мемлекеттік тіл және ақпараттық тобының бас маманы лауазымына – 1 үміткер, құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы лауазымына – 4 үміткер өтініш берді.

Конкурстық комиссия С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ұсынылған құжаттарды қарастыра келе әңгімелесуге барлық ұсынылған өтініштер мен конкурсқа қатысушылардың қажетті құжаттарының жіберілуіне бірауыздан шешім шығарды.

2016 жылғы 14 желтоқсанында үміткерлермен әңгімелесу өткізілді.

Үміткерлермен әңгімелесудің жүргізілу барысы бөлек хаттама түрінде ресімделді. Үміткердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен сәйкесті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығын негізге алды.

Үміткерлермен әңгімелесуден кейін конкурстық комиссияның қорытынды отырысында келесідей шешім шығарылды:

Мемлекеттік тіл және ақпараттық тобының бас маманы лауазымына байқау өтпеген болып есептелсін.

Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы бос лауазымына (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шығу уақытына дейін) үміткер  Саиида Батырбековна Бахтиярова ұсынылсын.