Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

 

«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласыММ бастығы
азаматтық қорғау майоры
Селимов Назарали Гаджимагомедович

 

1985 жылдың 14 мамыры күні Дагестан Республикасы, Сүлейман-Стальский ауданының Күркент ауылында дүниеге келген. Ұлты – лезгин. Білімі – жоғарғы, 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Өрт қауіпсіздігі инженері біліктілігіне ие. 2009 жылы Орталық-Азия университетін – заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау майоры Назарали Гаджимагомедович Селимов азаматтық қорғау органында 2003 жыл тамыз айынан бері қызмет етіп келеді. 2009 жылғы мамыр айында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында қызмет бойынша өрт сөндіру бөлімдері басшыларының орынбасарларын әзірлеу бойынша біліктілігін арттыру курсында оқыған. 2011 жылғы қараша айында Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты» ММ өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелерінің басшыларын даярлау курсында, 2014 жылғы қыркүйек айында осы Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты» ММ мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуі кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және оның салдарын жою бойынша дайындық курстарында білімін жетілдірген.
12.08.2003ж.-12.07.2007ж. – ҚР ТЖМ КТИ тыңдаушысы.
12.07.2007ж.-25.09.2008ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Ақтау филиалының Ақтау қалалық жедел кезекшілік жетекшісі, мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі
04.12.2009ж.-01.06.2011ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Ақтау қалалық мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары
01.06.2011ж.-01.01.2013ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Ақтау қалалық №1 МӨСБ бастығы
01.01.2013ж.-27.10.2014ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы
27.10.2014ж.-17.03.2016ж. – Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы
24.03.2016ж.-30.08.2017ж. - Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары
46 марапаты бар, 3 дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Азаматтық қорғау органдарына қосқан үлесі үшін», «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалдарымен марапатталған.
Үш тілді – қазақ, орыс, лезгин тілдерін жетік меңгерген. Бірнеше рет қазақ тілі бойынша облыстық және Республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген, сонымен қатар Астана және Петропавл қалаларындағы республикалық форумдарға қатысты.
Үйленген, 2 баласы бар.

 

 

 

ББҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары
азаматтық қорғау полковнигі
Сармулдин Асхат Кияшұлы

 

1974 жылдың 25 маусымында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1991 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесінің күндізгі бөліміне түсіп, 1998 жылы өрт қауіпсіздігі мамандығымен бітірген. Біліктілігі – өртке қарсы қорғаудың технигі. 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесіне сырттай оқуына түсіп, 1998 жылы өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – өрт қауіпсіздігінің инженері.
2009 жылдың қыркүйек айында БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, ІІ, І дәрежелі медалі, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталған.
Отбасылық жағдайы: үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

 

 

 

БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары
азаматтық қорғау майоры
Баев Мұрат Закбайұлы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 1974 жылдың 23 шілдесінде дүниеге келді. Білім жоғары, 2011 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тамамдаған. Азаматтық қорғау органдарында 1996 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарады. Қызмет барысында төменгі және жоғарғы басшылық құрам лауазымдарында қызметте болды.
2017 жылдың мамыр айынан бастап БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялы-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мұрат Закбайұлы жеке құрамның жауынгерлік және қызметтік әзірлігі, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу мәселелері жөніндегі жұмысқа жетекшілік етеді.
Қызмет барысында облыстағы ТЖ жоюға, ірі және күрделі өрттерді сөндіруге қатысты. Қызметтегі жоғары көрсеткіштері, өрттің алдын алу және жою жұмысындағы жеткен табыстары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін М.З.Баев III, II, I деңгейдегі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалдары, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі, «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалі мекілді ведомстволық марапаттарға ие.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.