Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің даму және қалыптасу тарихы

 

Алғысөз. Өткен шақсыз болашақ жоқ.

 

Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігін Жайық өзенін бойлай Батыс Қазақстан облысының аумағы алып жатыр. Облыс солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор және Самара қаласымен, солтүстік-батысында Саратов, батысында Волгоград, оңтүстігінде – Астрахан облыстарымен шектескен. БҚО шығысында Ақтөбе облысымен, ал оңтүстігінде Атырау облысымен шектескен.

Облыс аумағының ауданы 151,2 мың шаршы километрді құрайды, халық саны – 623 мың адам. Облыс құрамына 12 аудан кіреді.

БҚО экономикасында мұнай-газ өндіретін, қайта өңдейтін, өндірістің машина құрылысы салалары айрықша орын алады. Мұнай мен газды тасымалдаудың салаланған жүйесі бар.

Республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 1128 км, ал жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзақтығы – 5353 км.

Батыс Қазақстан облысының географиялық орналасу ерекшелігі табиғи су айдындарының, өзендердің, күрделі гидротехникалық құрылысты су қоймаларының, әскери полигондардың көптігіне, Қарашығанақ мүнайгазконденсат кен орны, инженерлік құрылыспен газмұнайөнімдері құбырларының салаланған желісінің, химиялық қауіпті өнеркәсіптік кешендері өндірісінің, Балаков атомэлектростанциясымен көршілес орналасуына байланысты. Осы факторлардың барлығы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына алып келеді.

Осындай жағдайда үлкен жауапкершілік төтенше жағдайларды жою мен алдын алу, тіршілікті қамтамасыз ету бағытындағы қауіпсіздікке жауап беретін мемлекеттік органдарға артылған. Бірінші кезекте – бұл халыққа бірінші боп көмекке келетін құрамына түрлі авариялық әрекет ету қызметтері енетін Төтенше жағдайлар департаменті.

Облыстың, ауданның кез келген жерінде су тасқыны, өрт немесе техногендік апат болса кәсіби қызметінің басты мағынасы ең алдымен адам өмірін құтқару болып табылатын – БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері көмекке келуге асығады. «Жол бермеу» және «құтқару» тіркестері тек жай ғана ұран емес, құтқарушының күнделікті өміріндегі қалыпты жағдайы іспеттес. Ержүректілік, ерлік, адам өмірін арашалауда өзін құрбан етуге дайындық –ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелерінде қызмет атқаратын барлық тұлғаларды ерекшелейтін қасиеттер.

Бүгінгі күнде БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құрамында - Өрт сөндіру қызметі, Жедел құтқару жасағы, Өртті мемлекеттік бақылау басқармасы, Азаматтық қорғаныс басқармасы бар. Бұл ведомстволардың барлығы бұрынырақ өз алдына бөлек қызмет атқарған, бүгінгі таңда Департамент алдына қойылған міндеттерді толықтай көлемде атқаруға мүмкіндік беру үшін олар аумақтық көлемде тұтастыра біріктірілген.

Орал өңірінің гарнизоны өзінің ұзақ та абыройлы тарихымен мақтануға лайықты. Тек біздің өлкемізде ғана өрттен қорғаудың қайнар көздері бастау алған, мұнда отты апатпен күресуде өрт сөндірушілердің батырлық жанкештілігін көрсететін өз еншісінде бір емес бірнеше шынайы ТЖ туындау қаупі бар аса ірі мұнай мен газ кен орындары орналасқан. Орал облыстық суда құтқару қызметі жүздеген суға шомылушылардың өмірін құтқарған көптеген қызметкерлердің есімдерін есте сақтайды, ал облыс АҚ жүйесін дамыту мен халықты оқыту көптеген жылдар бойы жетекші бағыттардың бірі болып келеді.

Департаменттің құрылу тарихы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған барлық қызметтің тарихымен тығыз байланысты.

Мұның бәрі бірден пайда болған жоқ, ғасырлар мен он жылдық тарих тұрғысында қажырлы еңбек етудің, қателіктер мен олқылықтарды жөндеуде күнбе күн қарыштап алға жылжи жүзеге асырылған адамдардың күш-жігері мен техниканың арқасында құрылған еді.

Көптеген жылдар оқиғасы бойынша облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің қазіргі құрылымы МПВО және Азаматтық қорғаныс мұрагерлері болып табылады. Қазіргі таңдағы азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің үздіксіз қалыптасу, даму мен жетілдірілу үдерісінде болуы, өткенді терең тануға жаңаны мағыналы түрде ұғыну қажеттілігінің қалыптасуы болып отыр.

Күні бүгінде Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің үздіксіз қалыптасуы, дамуы мен жетілдірілуі үдерісінде болуы, жаңаны игеру мен жете түсіну, терең оқып үйрену, өткенді тану қажеттіліктерінің бірі болып қалады. Департаменттің өткені – бұл жаппай зақымдау қаруын қолдану қаупімен соғыс дәуірінің басталуы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің екі лагерге бөлінуімен ХХ ғасыр ортасынан бастау алатын оның тарихы. Совет одағының аумағында бейбіт уақытта төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін Азаматтық қорғаныс күштерін жұмылдыру мен халықты қорғауды қамтамасыз ету барысында Азаматтық қорғаныс жүйесі де дами бастады.

 

БҚО-дағы АҚ-ның қайнар көздері

Азаматтық қорғаныс тарихы «Жергілікті әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы» (ЖӘҚҚ) 1932 жылғы 4 қазандағы Халық комиссарлары кеңесі Қаулысының қабылдануынан бастау алады. Орал қаласы ЖӘҚҚ құрамына арнайы кадр бөлігі мен ерікті құралымдар енді.

Жергілікті әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жедел жоспарлар, баспана құрылысының жаппай ашылуы, халықты құлақтандыру жүйесін жетілдіру әрекетінің енгізілуі және дамытылуы арқылы Ұлы Отан соғысы уақытында қатаң сыннан өтті.

КСРО Министрі кеңесінің жарлығымен 1961 жылы Азаматтық қорғаныс жүйесі ұйымдастырылды, Азаматтық қорғаныс туралы Ереже қабылданды. Батыс Қазақстан облысында бірінші басшысы Ұлы Отан соғысы қатысушысы – танк батальоны командирі полковник Шүкір Омарович Мұхтаров болып тағайындалған Азаматтық қорғаныс штабы құрылды, Штаб басшысы болып қызмет атқарған жылдарында (1957 жылға дейін) Шүкір Омарович тәжірибе жүзіндегі іс-шаралардың өткізілу сапасына септігін тигізген кадрларды іріктеу бойынша орасан зор жұмыстар атқарды. Осы кезеңде көптеген оқытулар, жаттығулар мен тәжірибе жүзіндегі сабақтар өткізілді. Облыс АҚ штабы барлық көрсеткіштер бойынша Республикадағы жетекші орындардың бірін иеленді. 1965 жылдан осы уақытқа дейін АҚ курстары орналасқан ӘАФКЕҚ оларды жүргізуді облыс АҚ штабына береді.

Басқару органдарын дайындауға көп көңіл бөліне бастады. 1968 жылы облыс эвакуациялық іс-шаралардың өткізілу мәселесі алға қойылған Республикалық командалық-штабтық оқытуларына қатысты. Орал қаласында барлық жиналған эвакуациялық қабылдау пункттері ашылған болатын, облыстық, қалалық және аудандық эвакуациялық комиссиялары жұмыс жасады, халықтың жартысын Орал қаласынан тысқары қала шетіндегі аймақтарға көшіру жүргізілді. АҚ Республикалық штабы бітімгерлері тарапынан облыстық эвакуациялық комиссия төрағасы - облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Магруфа Хайрушевна Батыкованың жұмысының жақсы нәтижелері атап өтілді, АҚ үздігі белгісімен марапатталды, АҚ штабының жұмысшылары тәжірибе алмасу, осындай оқытуларды өткізу мен дайындық жүргізу үшін Қостанай облысына жолданды. Көптеген жылдар бойына Орал қаласы азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауда алдыңғы орындарды иеленді, халық депутаттары облыстық кеңесі атқару комитетінің облыстық кәсіподақ кеңесі және Қазақстан ЛКСМ обкомы естелік қызыл туымен, екі рет құрмет грамоталарымен марапатталды. Бірнеше жыл өткен соң Орал облысы Азаматтық қорғаныс штабы кеңейтілді және облыс басшылығы қалалық әскери комитет ғимаратының 4-ші қабатын бөлді, АҚ курстарына кластарға арналған арнайы үй-жайлар тағайындады.

1978 жылы облыс АҚ медициналық қызметі арнайы оқытулар өткізді. Оған барлық медициналық қызмет құралымдары және аудан медициналық қызмет құралымдары қатысты. 4 алғашқы медициналық көмек аудандық жасағы Орал қаласы «жай бұзылысты аймақ шекарасында» ашылды. Олар зақымданғандарды қабылдап, медициналық көмек көрсетіп аудан ауылдары ауруханасы базасының емдеу мекемелеріне жолдады.

Келесі онжылдықта АҚ жүйесі жаңа даму сатысына аяқ басты. Қалалық әскери комитет ғимаратының барлық 3-інші қабаты енді АҚ курстарын өткізуге арналған үй-жайларды толығымен қамтыды. Курс кластарының безендірілуінде Республикада 2-нші орынға ие болды. Бұл маңызды курстың өткізілуіне жан-тәнімен еңбек еткен подполковник В.Д.Макатуханың еңбегі зор. Біртіндеп облыс АҚ бастығының, аумақтық барлаудың радиожелісі құрылды. Жедел кезекшіліктің жұмыс орны құлақтандырумен және байланыс құралдарымен жабдықталынды.

Осы кезеңде баспаналарды салу, оларға бейімделінген жертөле үй-жайларын, байқау пунктері құрылысы, жеке қорғаныш заттарын қабылдау мен сақтау АҚ Штабының қатаң түрдегі бақылауымен жүргізілді.

Арнайы бөлінген аумақта АҚ қалашығы салынды, басқарудың қала шетіндегі қорғалған пункттеріне жөндеу жүргізілді.

Жыл сайын Орал қаласы аудандарының АҚ күні, санитарлық жасақтарының жарыстары өткізілді. Орал қаласы АҚ штабы бастығы, офицер-майдангері Николай Петрович Кудрявцевтің басшылығымен және бастамасымен бірнеше жыл қатарынан азаматтық қорғаныс бойынша қала халықтық шаруашылығының үздік объектісіне қарау-жарысы өткізілді.

Осындай қарау-жарыстарына бірнеше мәрте К.Е.Ворошилов атындағы машина құрылысы зауыты, Орал сүт өнімдері өндірістік бірлестігі және басқалары қатысты.

1984 жылы қыркүйекте АҚ оқу қалашығында 25 командадан астам қатысқан санитарлық жасақтарының Республикалық жарысы өткізілді. Жарыста біздің облыс атынан қатысқан «Металлист» зауыты жасақтарының командасы бірінші рет 1-орынды иеленді және Хрустальды кубок жүлдесімен және Венгрияға жолдамамен марапатталды. 1989 жылға дейін облыс АҚ штабын полковник Игорь Георгиевич Казанцев басқарып келді.

1992 жылы Қарашығанақ кен орнында халықты құлақтандыру, кен орны аумағында орналасқан елді мекендерден эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, аварияларды жою мәселелері қарастырылған арнайы оқытулар өткізілді. Оқытуға облыстық құралымдар мен атқымаға қарсы қызметтері жұмылдырылды. АҚ штабының жедел жұмысшылары мен офицерлері Қарашығанақ кен орнында Лира объектілерін, Орал қаласында жылу жолының құрылысын, Орал қаласының маңындағы бөгеттерді нығайту және Орал қаласының ағынды суларының жиналу тоғандарын құру кезіндегі практикалық іс-шараларын өткізуге қатысты. Сол жылдары төтенше жағдайлар жиі орын алды. Жедел қызметттер Орал қаласы тұрғын үйіндегі газдың жарылуы салдарын жоюға, Каменка, Зеленов, Шыңғырлау аудандарындағы темір жолда орын алған аварияны жоюға, Орал қаласы стансасындағы хлормен цистернаны ашуға, Казталов ауылындағы су тасқынын жоюға қатысты. 1989 жылдан бастап 1994 жылдары аралығында АҚ бастығы полковник Вячеслав Гарифович Латыпов болды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың кездейсоқтық емес, толықтай заң аясына сыйымды әрі ілгерілеу беталысына ие болатын ақиқаттығы мәлім болды. Бұған түсінік табылды: халық пен өндірістің өсуіне байланысты адамның қоршаған ортаға әсерінің күшеюі, сондай-ақ тәуекел аумақтарда халықтың шоғырлануы.

1991 жылы Мемлекеттік комиссия және төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алу бойынша мемлекеттік жүйе қалыптастырылды. Осы уақыттан бастап төтенше жағдай мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін санау басталды.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 жарлығымен ҚР төтенше жағдайлар бас комитетінің АҚ штабын төтенше жағдайлар мемлекеттік комиссиясы аппараты базасында құру шешімі қабылданды.

Нақты осы шешіммен төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алуға үндеген жаңа жүйе ресми түрде құрылды. Батыс Қазақстан облысының АҚ штабы 1996 жылы бастығы полковник Костантин Анатольевич Федотов болған облыстық ТЖ басқармасы болып қайта құрылды. Осы жылдан бастап 1997 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ТЖ-ның жаңа критерийлері енгізіле бастады. АҚ және ТЖ мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық база қалыптаса бастады. 1997 жылы бастау алған қайта құрылуларға байланысты өртке қарсы қызмет ІІМ құрамынан шығарылып ҚР Төтенше жағдайлар комитеті құрамына енді. Осы уақыттан бастап БҚО ГПС облыстық ТЖБ жедел бағынысында болды.

ТЖ басқармасы құрамына даму мен қалыптасудың барлық кезеңінен өткен Госгортехнадзор инспекциясы да енді.

Жергілікті аумақтық органдарды 60-ыншы жылдарға дейін бастапқыда участок, содан соң Орал аудандық инспекциясына (РГТН) бағынған Ақтөбе округі бөлім бастықтары мен инспекторлары жетекшілік етті. Өткен ғасырдың 60-ыншы жылдарынынң аяғында, 70-інші жылдардың басында қайтадан құрылған Орал аудандық Госгортехнадзор инспекциясы бастығы лауазымына В.А.Маккавеев келді. Осы уақыттарда инспекцияда Е.И.Леньшин – котлоқадағалау және көтерме құрылыс инспекторы, В.П.Сочивко және А.В.Шпилева – газтехникалық инспекторлары жұмыс жасады. Олардың жұмыстарының арқасында инспекция қауіптілігі жоғары объектілердегі еңбек қауіпсіздігі мәселелерінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Түрлі жылдарда инспекция бастықтары болып К.К Сулейменов ( 1984-ж) Е.К.Утеулиев ( )., А.Г.Гусманов (1993-2001), Н.В.Спирин (2001-2005) жұмыс жасады.

2005-2008 жылдар кезеңінде Ж.Н.Жумахметов басқарды. Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалау жүйесінде қалыптасу уақытынан бастап жұмыс жасағандар: Тутуров Ю.П., Дудченко В.В., Головачев А.А., Исмагулов М.С., Бисалиева Б.А., Ливандовская З.И., Уразов Ж.Ж., Тлепбергенов К.Т., Шалабаев Б.А., Гизат Ж.

Инспекцияның қызметі уақытында бақылау кәсіпорындарында облыс бақылау кәсіпорындарына өткізілген тексеру сапасының жақсаруын, инспекторлық құрам жұмысының жөнге салынғандығын көрсететін Басқарма бақылау-профилактикалық жұмысының сапалы көрсеткіші болып табылатын бірде бір рет авария немесе жарақаттанушылық болған жоқ.

Жаңа ғасырдың басында Ресей Федерациясының бес облысымен шекараласу ынтымақтастығы бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Жайық өзені бойындағы Владимировка ауылында жағалауды нығайту жұмыстарының басталуымен су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне баса назар аударылды. Су тасқынына қарсы комиссия құрылды, су тасқыны суларын авариясыз бұру бойынша іс-шаралар жетілдірілді. Инженерлік қорғау тұрғысында ескерту шаралары қолданыла бастады. Олар мыналар - объектілерді қоршап бөлу, гидротехникалық құрылыстар мен қоршаулы бөгеттерді жазғы жөндеу, кезек күттірмейтін жұмыстар үшін материалдық-техникалық запастарды құру. Нақты гидрологиялық жағдайды анықтау және тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер, материалдар, су басу аймақтарынан адамдарды шұғыл эвакуациялау мақсатымен өзен арналарын қарау үшін үнемі ұшқыш құралдар қолданылады.

БҚО ГПС №1 мамандандырылған өрт сөндіру базасында жаңа бөлімше – инженерлік қорғау мобильді жасағы құрылды. 2001 жылы БҚО-да «Құтқару қызметі-051» пайда болды. ТЖ басқармасына қолайлы жұмыс жағдайы мен жеке құрамды орналастыру үшін өз алдына бөлек жаңа 4 қабатты ғимарат бөлінді. 2001 жылдан 2005 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Александр Федорович Маючий болды.

2005 жылы БҚО ТЖ басқармасы Жасұлан Қыдырғожаұлы Жұмашев басқарған Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне қайта құрылымдалды. Осы кезеңде АҚ және ТЖ жүйесінде түпкілікті өзгерістер орын алды. Өзінің одан әрі дамуын төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алумен және азаматтық қорғаныс облыстық жүйесімен жалғастырды. Өндірістің потенциалды-қауіпті объектілерінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары белсенді түрде өткізіле бастады. РФ облыстарымен шекараласу ынтымақтастығының жаңа даму кезеңі басталды. БҚО ТЖД қызметкерлері шекаралас облыстарда Ресей Федерациясы органдары тарапынан өткізілген семинарлар мен алқа жиналыстарына белсенді түрде қатысты. 2007 жылы наурызда трансшекарадағы ТЖ-ны жою мен оның алдын алу бойынша РФ АҚ және ТЖ шекаралас органдарымен бірлесе штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Ж.Қ.Жұмашев қазіргі заманғы құтқарушының позитивті бейнесін дамыту мен нығайтуға баса назар аударды.

Осылайша, Азаматтық қорғаныс жергілікті әуе шабуылына қарсы қорғаныстан бейбіт және соғыс жағдайында төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алу бағытында жалпы мемлекеттік бірыңғай жүйесінде дамуының сара да ұзақ жолынан өтті. Өткен шақтағы осы бағытта жасалғандардың бәрін егеменді Қазақстанның заманауи дамуында, жаңа жаһанды жағдайда жүзеге асырып сақтауымыз қажет.

2008 жылдың қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті құрамына БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі» ММ, ТЖ және ПБ басқармасы, ӨМҚ басқармасы, БҚО ТЖД жедел құтқару жасағы, БҚО ТЖД «Облыстық су-құтқару қызметі» ММ кірген ҚР ТЖ министрлігінің бірыңғай аумақтық органы болды. Департаменттің жедел бағынысында ТЖ-ны жою және оның алдын алу мәселелерімен айналысатын 3 ұйым, ӨБТ басқармасы, БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы, «Облыстық ТЖ жою» ММ бар. Бұл «Медициналық көлік қызметі» АҚ Орал филиалы, «Ақ берен» ВПО БҚФ, «Өрт сөндіруші» АҚ БҚФ. ТЖ департаментін Кадр Уапович Бисембаев басқарды. Жаңа басшыға жұмыстың тұтас механизмінің бірыңғай жүйесі ретіндегі  орасан зор қызметтің жаңа ұйымдасқан ұжымын қалыптастыру, Департаментті реформалау және қалыптастырудың ең қиын кезеңі  тап болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, өндірістік қауіпсіздікке жататын мәселелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреттілігіне және функциясына берілуімен қысқартылған болатын.

Реформалаудың жаңа жағдайында қызмет 13 аумақтық бөлімшелерді – ҚР ІІМ ТЖК жүргізілуіне енетін барлық функцияларды орындайтын жалпы негізде азаматтық қорғаныс, өрт саласы және өзге де мәселелерді өз аумағында шешетін ТЖ қалалық басқармасы және 12 аудандық бөлімдерден құралады. Департаментте барлығы соның ішінде құтқару жасақтары, өрт сөндіру қызметінде 1000-ға жуық адам бар. Бұл бірінші кезекте түрлі төтенше жағдайларға жыл бойына 24 сағат ішінде ерекше режимде барлық қызметке шұғыл әрекет ету мен мобильділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Баршаға мәлім болғандай, облыс пен қала азаматтары мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін өрттің жойқын күшінен адам өмірі мен мүлкін қорғауда екі ғасыр бойына қызмет көрсетіп келе жатқан өртке қарсы қызмет бөлімшелері ТЖ жедел қызметінің негізгі түп тамыры іспеттес.

 

Өрт сөндіру мұнарсынан қарағандағы көрініс

 

Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет тарихы жарқын, күрделі, әрі оның әкімшілік орталығының тарихымен тығыз байланысты. Бұл қызмет - барлық кәсіптер арасында мейлінше құрмет пен батырлыққа лайықты кәсіп.

Орал - Қазақстанның көне қаласы. Ол Еуропа мен Азияны жалғап, кемерінен тасып тұрған Орал өзенінің бойынан орын тепкен. Жайық (Яик) қаласы туралы (Орал қаласының көне атауы) мәлімет 1584 жылғы Ресей мемлекеттік энциклопедиялық сөздігінде кездеседі, бірақ қаланың ресми құрылған күні 1613 жыл болып есептеледі.

Негізінен өрт сөндіру ісінің түп тамыры ғасырлар түбіне бойлайды. Ол кездері өртті әскери бөлімшелер көмекке бөлінген қала тұрғындары сөндіретін болған. Бізідің өңірдегі өрттен қорғауды нығайту бойынша шаралар туралы сақталған алғашқы мәліметтер 1737 жылмен белгіленген. Бұл жылы әскери бөлімшелерден міндеттеріне өрт сөндіру кіретін ерекше патрульдер мен қарауылдар, түнгі күзет жасақтары құрылған.

Өз тарихында Жайық (Яик) қаласы бірнеше аты шулы және заманалық оқиғаларды бастан кешірді. Орал әліде Степан Разиннің дүбірлі көтерілісін ұмытқан жоқ, Орал өңірінің кең даласында Емельян Пугачевтың бастамасымен шаруалар көтерілісінің жарқын жалыны бұрқ етіп әрі қарай өрістеді. Содан сәл кейін отаршылыққа қарсы Сырым Датұлы бастаған көшпенді-казақтардың көтерілісі орын алды.

Барлық ауыртпалықты жылдар апатты отпен және өртпен өтті. Орал қаласы бірнеше рет түгелге жуық жанып кеткенін бәріміз білеміз. Жан түршігерлік оқиғаны бастан кешкен тұрғындар өз естеліктерінде «От куреней до Чагана бушует пламя, вокруг чернота и свист ветра, тучи дыма, черное облако нависло над городом» - деп жеткізген. ( Из книги «Памятник казачьей старины», автор В. Карпов, Уральск – 1997 год.). Қаладағы ірі өрттер 1749, 1751, 1807, 1821 жылдарда жазылған. XVIII ғасырда қала басшылығы өрттің алапат күші туралы ойлана бастады. Апатқа қарсы күрес екі бағытта жетіле бастады, өртке қарсы қызметті нығайту және тастан ғимарат тұрғызу басымдық алды.

1765 жылы барлық губерниялық қалаларда, соның ішінде Оралда өрт орнына мүлікті жеткізуді қамтамасыз ететін өрт сөндіру арбалы керуендері шықты. 1804 жылы біздің өлкеде штаттық лауазымға алғашқы рет кәсіби өрт сөндіруші-брандмейстер лауазымы енгізілді. XIX ғасырдың орта тұсында Орал қаласында 4 өрт сөндіру - Михайловская, Иконская, Митрясевская, Петропавловская будкалары құрылды.

Алғашқы өрт сөндіру мұнарасы Орал қаласында XIX ғасырдың (1865 год) екінші жартысында тұрғызылды. Ол Михайловская өрт сөндіру бөлімінде орналасты. Қаланың дәл осы биік нүктесінде өрт сөндірушілер қарауыл қызметін атқарды. «Завидят дымок, да пламени коварно-красный цвет, как зазвенят в колокол, разбудят всю округу. И бегут уже солдаты, люди – бегут тушить, не дать «красному петуху» разгуляться на улицах города».

ХХ жүзжылдықтың басында өрт қорғау құрылымы мейлінше ұйымдасқан болды. Наркомат ішкі істер бөлімі құрамында ел қатарында өрттен қорғауды басшылық жүзеге асыратын орталық бөлім құрылды. Қызмет ақырындап нығая бастады. Оралдық өрт сөндірушілердің жарақтарында қос атты бөшке және ПН-100 қол сорғысы болды. 1913 жылы Оралдық өрттен қорғау екі өрт сөндіру бөлімінен тұрды. Бұл бөлімдерде 145 өрт сөндіруші қызмет атқарды.

1918 жылы бекітілген «Отпен күрестің мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» Совнарком декреті көп жағдайда өрт сөндіру қызметінің дамуына ықпал етті. Өрттен қорғаудың бірнеше бөлімі пайда болды, өрттің алдын алу және сөндірумен әскерилендірілген, кәсіби және ведомстволық өрт сөндіру командалары айналысатын болды. Тіпті жаңа кәсіби спорттың түрі - қолданбалы өрт сөндіру пайда болды.

Ол кезде Оралда Аронов Александр Васильевич, Болдырев Иван Яковлевич, Выровщиков Филипп Иванович, Гусаров Иван Васильевич, Осипов Николай Акопович және басқалар өрттермен күрес жүргізді.

Соғыстың басталуына дейін өрттен қорғау қызметі жоспарлы нығайып және дамыды. Жаңа техникалық құралдар пайда болды, арнайы техника дайындалды. Өрт сөндірушілер аттан түсіп, ЗИС-АА базасындағы машинаға отырды.

Өрт сөндіру қызметінің тарихы өзгені қорғау үшін өз өмірлерін қиған айбынды адамдардың атымен тығыз байланысты. Олардың бірі – брандмейстер Филипп Выровщиков. Ұзын бойлы, мұртты сымбатты ер адам. Бұл адам - өрт сөндіруші. Қиындығы көп кәсіпке таңдау жасаған оның қалада аты ерлігімен танымал болды.

«Новости Уральского казачества» газеті ол туралы «Оттан қорықпаған аз. Ф.Выровщиков қалалық электрогенераторды сақтап қалды» деп жазды. Осы күрделі өртте ол көзінен айырылып қалды. Бірақ өз ісін жалғап, өзіне және кәсібіне адал боп қалды. Филипп Выровщиков жауынгерлік постта қаза тапты. Екі кварталға жайылып кеткен тұрғын үйдегі күрделі өртті сөндіру кезінде ол от құшағында қалып қойды. Бүгінде сол уақыттың айбынды батырлары туралы тек өткен күннің суреттерінен, сол кезеңнің тұлғалары мен ескі газет қиындыларынан ғана білуге болады...

Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал облысының өрттен қорғау бөлімшелерінен жауынгерлікке жарамды барлық жауынгерлер мен командирлер ерікті түрде Отан қорғауға кетті. Майданға кеткен ерлердің орнын әйелдер алмастырды. Олар қатардағы жауынгер, телефоншы болып еңбек етті, объектілерде алдын алу жұмыстарын жүргізді. Күні бүгінге дейін қала мұражайында өрттен қорғауға жұмыс жасауға ниет білдірген әйелдер туралы қалың дәптерге сиямен жазылған бұйрықтар сақталған. Мысалы, Бұйрықтың мазмұнын келтірсек: 1941 жылғы 21 мамыр №55 бұйрық: «Елизавета Андреевна Разгузупкина өтінішіне сәйкес 1941 жылдың 21 мамырынан бастап 1-қарауылға сынақ мерзімімен 1 айға 2-категориялы жауынгер болып есепке алынсын». Осындай бұйрықтар жазылған қалың дәптер біреу емес. Өрт сөндірушілер сол жылдары өндірісте үздіксіздікті қамтамасыз ету үшін айтарлықтай үлес қосты.

Ұлы Отан соғысы майданында өрттен қорғау қызметкерлері батырлық пен ержүректік көрсетті олардың ішінде Белущенко Михаил Исаакович, Никитенко Петр Михайлович, Базаревский Василий Иванович, Зайнуллин Георгий Демьянович, Пономарев Павел Филиппович, Пичугин Федор Тимофеевич, Линьков Семен Семенович және тағы басқалар. Соғыс даласынан келгеннен кейін олар қайта ұзақ жылдар бойы отпен күресті, тек бұл жолғы күрес майдан даласында болмаған еді.

Сол кездегі Орал облысы гарнизоны жеке құрамның күштері арқылы өрт қорғауда 20-сыншы, 30-ыншы жылдардың қиын қыстауын, соғыстан кейінгі жылдар қиындығын бастан кешірсе де өз ұйымдасушылықтарымен жаңа техникаға қол жеткізді.

1956 жылы Орал облысы атқарушы комитеті Ішкі істер бөлімінде өрттен қорғаудың әскерилендірілген бөлімі ашылды, оны жиырма жылға жуық ішкі қызмет полковнигі Иван Александрович Филиппов басқарды.

И.А.Филиппов Орал облысының өртке қарсы қызметіне баға жетпес үлес қосты. Оның басқаруы кезінде 1961 жылы Гагарин көшесінің бойында жаңадан құрылған сол кездегі №2 кәсіби команда қазіргі таңдағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимараты тұрғызылды. Барлық аудан орталықтарында құрамында арнайы білімді алғашқы офицерлері бар өрт сөндіру командаларының кезекшілігі ұйымдастырылды. Өрт сөндіру бөлімін арнайы техникамен және өртке қарсы құрал жабдықтармен жарақтандыру, өрт сөндіру машиналарына қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыруды техникалық қызмет бөлімі базасында өз күштерімен жүргізу жетілдірілді. Колхаздар мен совхоздарда өрт сөндіру депосы жанынан еркіті өрт сөндірушілер кезекшілігі ұйымдастырылды.

Сол жылдары облыс өрт сөндірушілері бірнеше өртті және аварияны жоюға қатысты. Оған мысал ретінде 1974 жылдың ақпанындағы Үлкен Шаған ауылындағы мұнай өндіру станциясындағы отты сөндірудегі батырлықты айтуға болады. От бақылау-өлшеу жүйесін, екі жылыту қазандығын, операторлардың орын-жайын жойып жіберді. Жайылған мұнайдың жану ауданы 1000 кв.м құрады, 35 грдус аязда өрт сөндіру машиналары істен шықты. Өрт тек көбікпен толық жабудың арқасында сөндірілді. Оралдықтардың көзсіз ерлігі экологиялық апаттың алдын алды.

1977 жылдың мамырындағы мектеп–интернатының отқа орануы кезінде өрт сөндірушілердің ержүректігінің арқасында 122 баланың өмірі сақталынды. Осы өртті сөндіру кезінде ерлік пен батылдық танытқан өрт сөндірушілер тобы «Өрт сөндірудегі батырлығы үшін» медалімен марапатталды. Осындай үлгі алар ерліктер аз емес.

Осындай ірі өрттердің салдарынан өртке қарсы қызмет басшылығы тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережесіне оқытып және өрттің алдын алуға көп көңіл бөле бастады.1973 жылы Оралда құрамында бес адамнан тұратын мемлекеттік өрт қадағалау инспекциясы құрылды, оның бастығы болып ішкі қызмет майоры Евгений Ефимович Кожемякин тағайындалды.

80-жылдары ІІБ өрттен қорғау бөлімі бастығы Геннадий Федорович Арефиннің басқаруы кезінде өрттен қорғауда қайта құру жүргізіліп, кәсібиден әскерилендірілген бөлімге айналды. Сол кезде Ворошилов атындағы (қазіргі уақытта «Зенит» зауыты) зауытты қорғау бойынша «Омега», «Новенький» газкомпрессорлық станциясы, «Шежін», «Жаңақала» объектілік өрт сөндіру бөлімі құрылды.

1982 жылы ІІБ ӨҚБ бастығының тікелей қатысуымен және бастамашылығымен Орал қаласында Республикада бірінші рет өрт-техникалық көрмесі ашылды. Көрмені дайындаудың басым бөлігін жинақтауда қалаға танымал жазушы Петр Михайлович Крестьянин басшылық жасады. Өрт-техникалық орталығының бой көтерген жылдары ішінде орталықты бірнеше адам аралады, қаланың және облыстың мыңдаған тұрғыны өртке қарсы білімін аз да болса кеңітті.

Сондай-ақ 1986 жылы Геннадий Федорович Арефиннің басшылығымен Зашаған ауылында өрт техникасына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеу жүргізуді қамтамасыз етуге қабілетті техникалық қызмет бөлімінің ғимараты тұрғызылды. Жоғары білікті ұжым қалыптастырылды. Осының арқасында бөлімшелердің материалдық-техникалық жарақтануы, мейлінше сапалы жаңа деңгейге көтерілді бұл облыстың өртке қарсы қызмет гарнизонының жауынгерлік дайындығына оң әсер етті.

Өрт сөндірушілердің қиындыққа толы еңбегі азаматтардың қауіпсіздігін және облыстың әр тұрғынының жылдар бойғы еңбегімен тұрғызылған халық құндылығын сақталуын қамтамасыз етеді. Қазіргі күнгі қаламызда және ауданымыздағы нысандардың бәрінде өрт сөндірушілер еңбегінің үлесі жатыр.

1991 жылы маусымда Қарашығанақ кен орны 321 «Оренбурггазпром» бұрғылау ұңғымасында авария болып, соның салдарынан өрт туындады. 90 тәулік бойы күрделі жағдайда жеке құрам ерлік пен қайсарлық танытты. Аварияны жоюға және сөндіруге авариялық-құтқару және өрт сөндіру бөлімшелері оның ішінде Рессей аймағынан да жұмылдырылды. Жақын үш жылдықтағы жаңа өрт сөндіру жетістіктері мен авариялық-құтқару техникалары қолданылды. Бұл өртті сөндіруде Валентин Тимофеевич Данилов, Рашид Кадыргалиевич Наурзалиев, Анатолий Евгеньевич Симбирцев, Сергей Анатольевич Смирнов ерекше тер төкті.

Өртке қарсы қызметтің құрылуы мен дамуындағы осы бір қиын жылдары ІІБ ӨҚБ Виктор Федорович Ефимов, Малик Рахметкалиевич Бисембаев, Константин Иванович Бизянов, Иван Николаевич Текин, Аяпкали Кажкенович Кажкено, Людмила Алекскандровна Бизянова, Ермек Дуйсакаевич Машанов, Женис Кадыргалиевич Каюбалиев, Тлеккабыл Алгалиевич Саутов, Виктор Николаевич Волохов және тағы басқалар жұмыс жасады.

Тоқсаныншы жылдарда бұрынғы Кеңес одағының көптеген елдерінің тағдыры өте қиын болды. Қазақстан өз тарихын егеменді ел болып жаңадан бастады. 1997 жылы Өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІМ жүйесінен Мемлекеттік төтенше жағдайлар комитетіне берілді.

Кәсіби ұжымды сақтап қалу, кадрлардың сырғуына жол бермеу, азаматтар қауіпсіздігін және мүлікті өрттен сақтауды қамтамасыз етуде барын салу, өрт қорғау саласының бұрынғыша жұмысын жалғастыра беру секілді қиын тапсырмалар 1995-2004 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша өртке қарсы қызметті басқарған Николай Андреевич Маштаковтың міндетінде болды. Николай Андреевич бұл қиындықтарды жеңіп қана қойған жоқ, сонымен бірге өртке қарсы қызметті жаңа даму деңгейіне көтерді. Осы жылдары бөлімдер заманауи оргтехникамен қамтамасыз етіліп, өрт техникасын жаңарту басталды, өрт сөндіу бөлімдері құрылып, жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы жанданды. 2002 жылы әкімдіктің қаулысымен Бөкей-Ордасы ауданы, Орда ауылында және Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылында екі өрт сөндіру бөлімі құрылды. Қосымша мамандандырылған жасаққа №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ұйымдастырылды. Бұл жылдары Николай Андреевич Маштаковпен бірге иық тіресіп Николай Николаевич Компаниец, Виктор Павлович Маштаков, Вячеслав Кужахметович Джексенов, Александр Николаевич Широков, Сансызбай Иксакович Кузенбаев, Жаскайрат Амангельдиевич Бердашев, Виталий Васильевич Бондаренко, Шайкулла Кужакович Тупишев, Александр Моисеевич Жужа, Алексей Геннадьевич Баша, Есил Мухамбеткалиев қызмет атқарды.

Өртке қарсы қызметтің Төтенше жағдайлар агенттігі құрамына кіруі есебімен оның көптеген функциялары ұлғайды. Енді өрт сөндірушілер тек өрт сөндіріп қана қоймай, түрлі аварияларды және төтенше жағдайлардың салдары мен апатты жайларды жою жұмыстарына қатысатын болды. Өртке қарсы қызмет басқармасы сол кездері Александр Феодрович Маючий басқарған төтенше жағдайлар бойынша басқармасымен тығыз байланыста болды.

2000 жылдың 15 наурызында Орал қаласы Шолохов көшесі бойында ЖКО нәтижесінде «Газель» микроавтобусы қаңқасының деформациялануы түрінде ірі сынықтар алды. Автобус салонының металл қаңқасына адам қысылып қалып, металлды құрылымды кесу қажеттілігі туындады. Шақырту орнына АСА автомобилі шықты, «Болгарка» арасының көмегімен 1-МӨСБ өрт сөндірушілері металлды құрылымды кесіп және салоннан кысылып қалған адамды алып шықты.

2000 жылы 5 тамызда 21 сағат 01 минутта КҚЖБО теміржол ауданындағы көпірде ЖКО болды. Төтенше жағдай орнына 1-МӨСБ кезекші ауысымы шықты. «Мерседес-500» автомобилі үлкен жылдамдықпен көпірден атылып кеткендігі анықталды. Бензин ағып, электрожабдық ажыратылмады, сондықтан өрт және адам өміріне қауіп туындады. Түрлі дәрежедегі жарақат алған жүргізуші және жолаушылар кезекші ауысыммен көшірілді. Сонан соң алдын ала өрістету жүргізіліп, ажырату және аккумуляторды шешу жүзеге асырылды. ІІБ ЖҚБ бірлесіп автомобилді автотұраққа көшірді.

2005 жыл жаз. Круглоозерное ауылы ауданындағы орманда балалар туристтік кешенінің мұғалімдері мен балалары табиғат тұтқынында қалып қойды. Қатты жауынның нәтижесінде лагерь орналасқан орманға кірер жол жаңбырмен шайылып кетті. Суға кеткен орыннан адамдарды құтқаруға қажетті техника тек өртке қарсы қызмет гарнизонында болды. Мамандандырылған жасақ жеке құрамы сол кезде 100 жуық балаларды көшірді.

Мемлекетіміз өсіп өркендеуде және елдің өмір сүру деңгейі де барынша жақсарып келеді. Өртке қарсы қызмет те бүгінгі күнгі Қазақстанмен етене байланысып қызметте түбегейлі өзгерістер болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №53 қаулысына сәйкес төтенше жағдайлар бойынша аумақтық органдарда қайта құру болды, соның нәтижесінде Батыс Қазақстан облысында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы құрылды. «ӨС және АҚЖҚ» ММ БҚОФ бастығы болып Жасқайрат Амангельдиевич тағайындалды.

Кеңес дәуірі кезінде өрттен қорғау өзінің резерівінде мейлінше жарақтандырылған техникасы бар ең мобильді және аса қажетті қызмет болды. Заманауи өрт сөндіру қызметі бірнеше қиындықтардан өтті, өрт сөндірушілерге қойылатын талап та қиындап және кеңейе түсті. ХХІ ғасырдың өрт сөндірушілері жағдайды сауатты және шебер бағалап қана қоймай, алғашқы медициналық көмек те көрсете білуі қажет. Ол ұтқыр әрі өз әрекетіне ұқыпты болуы қажет. Тіпті өрт сөндіруші деген лауазымның өрт сөндіруші-құтқарушы болып жаңа мәнге ие болуының өзі тектен тек емес.

2008 жылы БҚО өртке қарсы қызметі тағы бір қайта құруды бастан кешірді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 шілдедегі №712 Қаулысына сәйкес «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Батыс Қазақстан облысы өрт сөндірушілері типтік өрт сөндіру деполарында қызмет атқарады. Сонымен қатар байланыстың заманауи түрлерін енгізіп, ақпараттық мәліметтер базасы компьютерлендірілді. Осының бәрі қызметтің күштер мен құралдарын басқару мәселесін жедел шешуге көмектеседі. Бөлімше жарағында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына арналған барлық техника бар. Өрт сөндіру автоцистернасынан бөлек гарнизонда автоматты саты және зардап шеккендерді жоғары қабаттан түсіруге арналған көтергіш, құрылыс құрылымдарын бөлуге және ашуға арналған байланыс және жарықтандыру, ұнтақты және көбікті сөндіру автомобилі және тағы да басқа көптеген техникалар бар.

Жасақтың құрылу тарихы

«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жедел құтқару жасағы (Орал қ.)» ММ

Жасақ өзінің құрылу тарихын 2001 жылдан бастайды. 2001 жылдың 6 сәуірінде Облыс әкімдігінің № 2 қаулысымен «Облыстық құтқару қызметі 051» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Жаңа мекеменің міндеті: облыс орталығымен және оның шалғайда орналасқан аудандарында апаттан құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу болды.

Жасақ республика бойынша біріншілердің қатарында ұйымдастырылып, жұмыс жағдайы, жарақтандырылуы, қаржыландырылуы облыстық бюджеттен қамтамасыз етілді.

Жасақ басшылығының алдына қойған бірінші кезектегі міндеті: жасақтың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, арнайы автокөліктердің қатарын, апаттан құтқару құралдарын көбейту, жоғары сыныптық мамандарды таңдап және дайындау, әр құтқарушының кәсіби шеберлігін көтеру және жасақтың шаруашылық-тұрмыстық жағдайын көтеру болды.

2002 жылы жасақ өз базасында ТЖ басқармаларымен барлық жедел-құтқару жасақтарының басшыларының басын біріктірген республикамыздағы құтқару қызметтерінің қызметкерлерінің бірінші әдістемелік жиын-семинарын өткізді. Семинарда құтқару жасақтарының әдістемелік нұсқамаларының шығару мәселелері қаралды, сонымен қатар іс жүзінде құтқару тәсілдері де көрсетілді.

2004 жылы жасақ басшылығының өтінішіне сай және қалалық әкімдіктің қолдауымен жасақтың аумағын кеңейту және дамыту барысында жасақтың теңгеріміне үш жер телімі берілді. Сол жылы жасаққа сұранысқа сай келетін, апаттан құтқару жұмыстарын тиімді жүргізетін гидравликалық апаттан құтқару құралдарының алғашқы жиынтығы сатып алынды.

2005 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №53 «ҚР Төтенше жағдайлар министрлгінің кейбір сұрақтары бойынша» қаулысымен қайта ұйымдастыруға байланысты, жасақтың атауы «ҚР ТЖМ Орал қаласының жедел-құтқару жасағы» ММ болып өзгертілді.

ҚР Үкіметінің №273 қаулысының шешімімен республика аумағындағы төтенше жағдайлар кезінде және кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстарды атқаруға қатысып, төтенше жағдайлардан зардап шеккен республика аумағының тұрғындарына көмек көрсету бағытындағы жұмыс ауқымының ұлғаюына байланысты, келесі өзгеріс 2009 жылдың 10 наурызында болды. Жасақтың атауы «ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ-сі болып өзгертілді.

2014 жылдың 6 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару органдары жүйесін реформалау туралы»№ 875 Жарлығымен ҚР ТЖМ басқару жүйесінің функциясы толығымен ҚР Ішкі істер министрлігінің қарауына берілді. 2014 жылдың 11 қарашасында Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жасақ «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы (Орал қаласы)» ММ болып аталды.

2015 жылдың 25 сәуірінде ҚР Үкіметінің №313 қаулысына сәйкес судан-құтқару қызметтері және жедел-құтқару жасақтарының қайта ұйымдастырылуында реформаға сәйкес өзгеріс болды.

2015 жылдың шілде айында Облыстық әділет басқармасынан тіркеуден өткен соң «ҚР ІІМ ТЖК Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел- құтқару жасағы (Орал қаласы)» ММ болып қызмет атқаруға кірісті.

Жасақтың құтқару бөлімшелері төрт орында орналасқан, олар Орал қаласындағы Гагарин көшесі 25/2, Жәңгірхан көшесі, 1/5, Теректі ауданы Сары-өмір ауылындағы Шалқар құтқару бекеті және Ақжайық ауданындағы Чапаев селосындағы ауданаралық құтқару бекеттері.

Қазірде жасақтың базалары құтқарушылардың жұмыс жасауына, кезекшілікті атқаруға қолайлы орындар болып табылып отыр. Гагарин көшесі, 25/2 мекенжайында орналасқан оқу-жаттығу базасында жеке құрамға күнделікті арнайы дайындықты өткізу үшін оқу-жаттығу полигоны, кезекшілікті атқаруға арнайы ғимарат, апаттан-құтқару техникаларымен жүзу құралдары тұратын, жылыту жүйесі жүргізілген автомобильдік бокс, сауықтыру орны (медициналық және психологиялық бөлмелері), жаттығу полигонымен кинологиялық қызмет, жасақтың мүлкін сақтайтын қойма орналасқан.

Жәңгір хан 1/5 мекенжайында орналасқан базада жасақ қызметтері, құтқару бөлімшелері орналасқан әкімшілік ғимараты, автокөліктер, жүзу құралдары тұратын орын-жай, құтқарушылардың спорттық дайындығына алаң жасақталған. Базалардың аумағы абаттандырылған және бейнебақылау құрылғысы орнатылған.

Шалқар өзеніндегі және Чапаев құтқару бекеттерінде де құтқарушылардың тәуліктік кезекшілік жүргізетін сәйкесті орындары бар.

Құтқарушылардың кәсіби дайындық жоспарына сәйкес оқу-жаттығу базасында құтқарушылардың апаттан-құтқару шараларына тиімді, қауіпсіз және шұғыл жүргізу үшін, дене дайындық сапасын көтеру, кәсіби дағдыларын нықтау мақсатында күнделікті жеке құрамға кәсіби және арнайы дайындық сабақтары жүргізіледі. Сол себепті шынайы өмірде кездесетін жағдайларға дайын болуы үшін, жасақ құтқарушыларының өз еңбектерімен салған жаттығу базасында «Скала», «ДТП», «ЛЭП», «ПЕРЕПРАВА», «СДЯВ», «ТРУБА», «Лабиринт», «ФОРД» және т.б. секілді 17 этаптан тұратын жаттығу және спорттық снарядтары орналасқан жаттығатын полигон бар. Жыл сайын құтқарушылар өз беттерімен, аталмыш этаптарды қиындатып, жетілдіріп тұрады.

Тынымсыз дайындықтың арқасында жасақ құтқарушыларының көрсеткіші республикамыздың және оған жақын жатқан шет елдердің құтқару бөлімшелері қатысатын халықаралық жарыстарда өз нәтижесін беруде.

2003 жылдан бастап жасақ командасы жыл сайын «Қазқұтқару» жиын-семинарының тұрақты қатысушысы болып келеді. 2005-2006 жылдары жасақ командасы үштік жарыста бақ сынасып, үшінші орынды қанжығаларына байлады, 2007 жылы көпсайысқа қатысып 11-орын, 2008 жылы 7-орын, 2009 жылы 5-орын, 2010-2011 жылдары 3-орын, 2011-2014 жылдары 2-орынды иемденіп, 2015 жылы 1-орынды жеңіп алып облыс мәртебесін асқақтатты.

2007 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жоспары бойынша, жасақ базасында 1-інші Батыс өңірлік құтқару құрамалары арасында жарыс ұйымдастырылды. Жарыста Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының және жасақ атынан қатынасқан 2 команда бақ сынасты. Құтқарушылардың жеңіске деген құлшыныстары сайыс түрлерінде көрінді. Жарыста жақсы көрсеткіштерімен алға шыққан жасағымыздың 2 командасы да 1, 2-орынды иеленді.

2008 жылдан бастап 2014 жыл аралығында жеке құрам Атырау облысының ТЖД суда құтқару қызметінде сүңгуірлік дайындықтан өтті.

Жасақ жыл сайын Шымкент қаласында өтетін «Лосиные игры» туристік жарыстарына қатысып, 2010-2011 жылдары жүлделі ІІ орынды иеленіп алды.

Жыл сайын құтқарушылар Алматы қаласында өтетін Қазақстандық құтқарушыларды даярлайтын орталықта альпинистік дайындықтан өтеді.

2012 жылдың 22-28 қыркүйек аралығында жасақтың 10 құтқарушысы БҰҰ және Төтенше жағдайларға әрекет ету Еуроатлантикалық жүйелендіру орталығының ұйымдастырған оқу-жаттығуының қатысушысы болды.

2013 жылы 6 құтқарушыдан құралған топ Алматы қаласыының таулы мектебінде ІІІ дәрежелі альпинистік класын иеленді.

2013 жылы 6 құтқарушыдан құралған топ Павлодар облысының Баянауыл таулы мектебінде курстар өтіп, сертификаттар иеленді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген республикамыздың жедел-құтқару жасақтары арасындағы байқауда 2011, 2014 жылдарда жасақ 1 орынды иеленіп «Ең үздік жедел- құтқару жасағы» атанды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері арасында өткізілген байқау қорытындысы бойынша жасағымыз «Ең үздік бөлімше» атағына 2009, 2010, 2012, 2014 жылдары ие болды.

2014 жылдан бастап жасақ судан құтқару қызметі бойынша Қызылорда қаласында өткен төтенше жағдай комитетінің Республикалық бөлімшелер арасында жарыста І жүлделі орын иеленіп, 2015 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында жүлделі ІІ орын иеленді.

2011 жылы сәуір айының 11 мен 16 аралығында ТЖМ №97 бұйрығына сәйкес жасақта Республикалық ТЖМ апатта – құтқару құрылымдарының кинологиялық есептоптарының сертификациясы өткізілді.

жылы жасақ полигонында облыстық жас құтқарушылар слетінің техногендік апаттар бөлімі бойынша жарыс өткізілді, слетке облысымыздың 8 командасы қатысты.

15 жыл ішінде жасақ 16155-ға жуық апатта – құтқару шұғыл жұмыстарына шықты, олар жол көлік апатынан бастап, түрлі табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жою, апатта-құтқару, іздестіру жұмыстары, тұрмыстық шақыртулар, қиын жерде қалып қойған зардап шегушілерді, кішкене балаларды алып шығу, жедел жәрдемге ІІМ, ҰҚК қызметкерлеріне көмек беру секілді түрлі жағдайларға шықты. Нәтижесінде 4019 адам өмірін сақтап, оның ішінде 2165 бала өмірі құтқарылды.

Әр тәулік сайын кезекшілік тобына парамедик, альпинист, сүңгуір, кинолог, парашютист, газбентүтіннен қорғаушы, барлық санаттағы жүргізушілер, шағын кеме жүргізушілері, кескіш, дәнекерлеуіші мамандықтарын игерген кәсіби әмбебап құтқарушылар түседі.

Олар жыл сайын «Облыстық медициналық колледж», БҚО ТЖД «ӨС және АҚҚ»ММ-сі, , «Өрт сөндіруші»АҚ, «НұргазПромСтрой», «Горлифт», «ҚазТрансГазаймақ» ЖШС мекемелерінде дайындықтан өтеді.

Сонымен қатар, 2012 жылы сүңгуірлер тобы РФ-ның Самара қаласындағы «Суда құтқару қоғамында» дайындық курсынан өтті. Жыл сайын таулы және таулы-орманды аймақта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге машықтану үшін РЖҚЖ, Шығыс Қазақстан облысының өңірлік жедел құтқару жасағында, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жедел-құтқару жасақтарында дайындықтан өтіп келеді.

2011-2012 жылдарда жасақ құтқарушылары «Облыстық балалармен жасөспірімдердің авиациялық мектебінде» арнайы білім алып, парашотты-десанттық дайындықтан өтіп АН-2 ұшағынан секірді.

Улы хлор, аммияк секілді химиялық заттармен жұмыс жасайтын өнеркәсіп орындарында білімдерін шыңдап, машықтан өтеді («Батыс СуАрнасы» және «Нұржанар»АҚ).

Төтенше жағдайлар министрлігінің дайындық жоспарына сәйкес 2010 жылдан бастап жасақтың 22 құтқарушысы Беларусия Республикасының ТЖМ Біліктілікті арттыру институтында білім алып, сертификатқа ие болды.

2011, 2013 жылдары жасақтың басшылық құрамы Алматы қаласындағы «Азаматтық қорғаныс саласында мамандарды даярлау» курстарынан өтіп келді.

Сонымен қатар, өрт сөндірушілер мен құтқаушылар мамандықтарының беделін көтеру және құтқарушылар қатарына жаңа кадрлардың ынталарының арта түсуі үшін, жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында, жасақтың жоспарына сәйкес Төтенше жағдайлар жүйесінің оң имиджін қалыптастыру үшін әрдайым жұмыстар жүргізіліп, жасақта «Ашық есік күндері», мектептерде «ТЖ күні» өткізіледі.

2013 жылы Орал қаласының №33 ЖОББМ, 2014 жылы Ақжайық ауданының Ақсуат орта мектебінде «Жас құтқарушылар» клубы ашылды. Құтқарушылардың жаңа буыны бүгінде республикалық, облыстық және қалалық мәдени-спорттық іс-шараларға қатысуда. Үгіт-насихат тобымен бірлесіп, мектептерде, рейдтерде, кезекшіліктерде қауіптің алдын алу жұмыстарын насихаттаумен айналысады.

2015 жылы Ақсуат орта мектебінің жас құтқарушылары Республикалық «Жас құтқарушылар» слетінде 1-орынды иеленді.

Сонымен қатар, жасақта жеке құраммен патриоттық рухты көтеретін, әлеуметтік – тәрбие, Қазақстан халқының салт-дәстүрін дәріптейтін жұмыстар қоса жүргізілуде.

Күнделікті өмірде жасақ қызметкерлері түрлі мәдени шараларға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. «Наурыз мерекесі», «1 мамыр Ынтымақ күні», «Жеңіс күні» мерекелерінде, қалалық мәдени-спорттық шаралардың белсенді қатысушылары болып келеді.