Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

22.02.2017

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Еуразия даңғылы 90, 105 бөлме анықтама үшін телефоны: 8 (7112) 51 27 02, факс: 8 (7112) 51 27 02, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ЖАЛПЫ КОНКУРС жариялайды:

1.  Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тіл және ақпараттық тобының  бас маманы (С-О-5) - 1 бірлік, жалақы (83282теңге – 112430 теңге).

Функционалдық міндеттері: Топтың бас маманына келесідей міндеттер жүктеледі:

тіл саясаты саласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, жоспарларды іске асыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар органдарында мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

Департамент басшылығы қол қоятын мемлекеттік тілдегі негізгі және өндірістік нормативтік құқықытық актілері және құжаттары жобаларының мәтіндерін редакциялау және түпнұсқалылығын қамтамасыз ету;

Департаменттің жеке құрамына мемлекеттік тілді үйрету бойынша жұмысты ұйымдастыру және талдау және осы бағытта Департаменттің ведомстволық бөлімшелерінде және мемлекеттік мекемелерінде жұмысты үйлестіру;

Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын және ережелерін сақталуына, Департаментте, оның ведомстволық бөлімшелерінде және мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттің тілдік саясатын реттейтін Министрліктің, Комитеттің бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқаулықтарына бақылау;

Департаментте мемлекеттік тілді дамыту саласында түрлі іс-шараларды (семинарларды, кеңестерді, дөңгелек үстелдерді, сайыстарды, тағылымдамаларды, біліктілікті арттыру курстарын және т.б.) ұйымдастыруда және өткізуде қатысу;

Мемлекеттік тілде іс-жүргізуге және оның одан әрі қарай облысының төтенше жағдайлар органдарында жетілдіруіне бақылау;

Департаменттің Комитетпен және өзге мемлекеттік органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен тілдік саясаты мәселесі бойынша өзара іс-қимыл ұйымдастыру;

Департаменттің құрылымды, ведомтсволық бағынысты бөлімшелеріне және мемлекеттік мекемелеріне өз жұмысының бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеу, іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау;

брифингтерді, пресс-конференцияларды, интернет-конференцияларды ұйымдастырып, өткізу, пресс-релиздерді және ақпараттық хабарламаларды тарату;

Департаменттің, ведомтсволық бағынысты бөлімшелерінің және мемлекеттік мекемелерінің жұмысына тиесіл мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен (одан әрі-БАҚ) өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

БАҚ-та жариялауға материалдарды дайындау, облыстағы төтенше жағдайлар органдарының қызметтеріне және бөлімшелеріне БАҚ-та олардың жұмысы жөніндегі сұрақтар бойынша қолғабыс ету;

Республикалық және аумақтық БАҚ өкілдерін аккредиттеу, облыстағы төтенше жағдайлар органдарының жұмысы туралы материалдарды дайындауда қолғабыс ету;

Департамент іс-шараларының фото-бейнетаспасын жүргізуді, сондай-ақ БАҚ үшін бейнематериалдардың монтажын ұйымдастыру;

БАҚ,Ғаламтар желісіне үздіксіз мониторинг өткізу, сынау, ақпараттық материалдарға жедел ден қою;

Департамент басшылығын, облыстағы төтенше жағдайлар органдарының жұмысына тиесіл БАҚ жариялымдардың мазмұны  мен ерекшелігі туралы басшылықты ақпараттандыру;

сайтты және порталды ақпараттық және тілдік қолдау бойынша басылымға жоспарланған материалдарды рецензиялау, Департаменттің ведомтсовлық бағынысты бөлімшелерінің және мемлекеттік мекемелерінің жұмысын үйлестіру;

Комитеттің,Департаменттің ресми сайттарындағы  бөлімдерде ақпараттық толықтыру және материалдарды жаңарту;

Департаменттің ресми сайттарында басылатын ақпараттың өзектілігін және анықтылығын қамтамасыз ету;

Министрліктің және Департаменттің нормативтік құқықтық актілерін және нұсқаулықтарын орындалуын ұйымдастыру;

Қабылданған нормативтік құқықтық актілерін іске асыру нәтижелерінің,Министрлік және Департамент басшылығының нұсқаулықтарын орындалуын ұйымдастыру;

Қабылданған нормативтік құқықтық актілерін,Министрлік және Департамент басшылығының нұсқаулықтарын іске асыру нәтижелері бойынша есептік материалдар мен ұсыныстарды дайындау;

Комитеттің веб-порталының кіші бөлімшелерін топ құзыреті шегінде материалдары мен құжаттарымен толықтыру және өзкетендіру жұмысын өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары. «Білім» (қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілінде оқымайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, педагогика және психология), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі), «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика, қоғамдық байланысты), «Құқық» (Құқықтану)  мамандықтары.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Азаматтық қорғау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының тілдер  туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқық қорғау органдары туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

 

2.  Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тылдық қамтамасыз ету  бас маманы (С-О-5, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезінде 2019 жылдың 7 қарашаны қоса) - 1 бірлік, жалақы (83282теңге – 112430 теңге).

Функционалдық міндеттері: Топтың бас маманына келесідей міндеттер жүктеледі:

Департаменттің қажеттіліктері үшін техниканы, жабдықтарды, заттай мүлікті және жарақтарды, басқа негізгі құралдарды жанар-жағармай материалдарын сатып алуды жоспарлау бойыша мемлекеттік саясатты іске асрыуға қатысу;

ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелрдің тиесілі нормаларға сәйкес материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша негізгі бағыттарын әзірлеу;

бекітілген тиесілік нормаларға сәйкес алдағы  үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімді жасау кезінде Департамент үшін тауар-материалдық құндылықтардың қажеттілікті қалыптастыру;

бөлімшелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуының қамтамасыз етілуі есебін жүргізу; ведомтсволық бағынысты мемлекеттік мекемелрді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу;

Департаменттің материалды-техникалық жабдықталуына, шаруашылық және тұрмыстық қамтамасыз етуіне мемлекеттік бюджеттен  қаражатты пайдалану бойынша бөлінген қаржы ұсыныстарды әзірлеу;

Департамент қызметкерлердің нысанды киім-кешек және көлік құралдары есептік деректерін бақылауды жүзеге асыру, ведомтсволық бағынысты мемлекеттік мекемелріндегі негізгі құралдар мен материалдық құндылықтар есебін жүргізудің және іс жүзінде болуы, сақталуы және беру тәртібі сақталуының дұрыстығын жоспарлы және жоспардан тыс тексеру;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерді насихаттау, қолдану, орналастыру, ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтіндерін ауыстыру және жою бойынша жұмыс жүргізу;

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың қағидаларымен белгіленген тәртіпті және нысанды мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына сәйкес бюджтеттің негізінде әзірлеу және бекіту;

мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес міндетті жариялауға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметті мемлекеттік стапы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыру;

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан республикасы Заңына сәйкес Департаменттің мемлекеттік сатып алу жоспары  бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жүзеге  және олардың үлестіруді қамтамасыз ету;

мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес техни калық ерекшілікті жасауға қатысу;

заңнамалық актілерге сәйкес теңгерімнен негізгі құралдарды есептен шығаруды келісуді жүзеге асыру, тиісті нормативтерге сәйкес негізгі қаражатты есепке алу;

Департаменттің қызметтік үй-жайларын жиһазбен, жабдықпен жабдықтау бойынша іс-шараларды жүзеге асрыу, сондай-ақ Департамент теңгерімдеріндегі автокөліктерді, жабдықтарын және мүкәммалды пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету;

Қойманң есебін жүзеге асыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау беру:

Департамент басқарма бастығының тапсырмаларын белгіленген тәртіппен атқаруды жүзеге асыру;

Өз жұмысын ұйымдастырудағы қабілетін арттыру, ақпараттық-талдамалыы сипаттағы үлгілерді игеру, тіл табысу;

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика,менеджмент,қаржы,есеп және аудит), «Құқық» (құқықтану), «Техникалық ғылымдар және технология» (көлік, көліктік техника және технология) мамандықтары.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, «Ішкі істер органдар жөніндегі»»Азматтық қорғау туралы», « Құқық қорғау қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік статистика туралы»,Заңдары, «Қазақстан республикасы  мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалнуды ретке келтіру туралы», «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту утарлы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылалрын, «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Қаржы минисррінің бұйрығын білу.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2)3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама;

3)бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; Шетелдік оқу орындарын бітіргендер білімі туралы құжаттарын нострификациялау қажет.

4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

5)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер де азамат еңбек етпеген болса және конкурс жарияланып отырған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін тапсыру талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар жалпы  конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап       7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық пошта адресіне электронды түрде жіберген құжаттар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы жіберген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күннен кешіктірмей береді.

Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толықтай ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болады. 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс  күні ішінде конкурс жариялаған Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде  өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Мемлекеттік орган басшысының келісуімен конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Аталмыш лауазымға орналасқан тұлғаға көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.