Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

06.06.2017

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тылдық қамтамасыз ету тобының  бас маманы (С-О-5, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезінде 2019 жылдың 7 қарашаны қоса) - 1 бірлік, жалақы (83282теңге – 112430 теңге).

            Функционалдық міндеттері: Топтың бас маманына келесідей міндеттер жүктеледі:

 Департаменттің қажеттіліктері үшін техниканы, жабдықтарды, заттай мүлікті және жарақтарды, басқа негізгі құралдарды жанар-жағармай материалдарын сатып алуды жоспарлау бойыша мемлекеттік саясатты іске асрыуға қатысу;

ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелрдің тиесілі нормаларға сәйкес материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша негізгі бағыттарын әзірлеу;

бекітілген тиесілік нормаларға сәйкес алдағы  үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімді жасау кезінде Департамент үшін тауар-материалдық құндылықтардың қажеттілікті қалыптастыру;

бөлімшелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуының қамтамасыз етілуі есебін жүргізу; ведомтсволық бағынысты мемлекеттік мекемелрді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу;

Департаменттің материалды-техникалық жабдықталуына, шаруашылық және тұрмыстық қамтамасыз етуіне мемлекеттік бюджеттен  қаражатты пайдалану бойынша бөлінген қаржы ұсыныстарды әзірлеу;

Департамент қызметкерлердің нысанды киім-кешек және көлік құралдары есептік деректерін бақылауды жүзеге асыру, ведомтсволық бағынысты мемлекеттік мекемелріндегі негізгі құралдар мен материалдық құндылықтар есебін жүргізудің және іс жүзінде болуы, сақталуы және беру тәртібі сақталуының дұрыстығын жоспарлы және жоспардан тыс тексеру;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерді насихаттау, қолдану, орналастыру, ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтіндерін ауыстыру және жою бойынша жұмыс жүргізу;

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың қағидаларымен белгіленген тәртіпті және нысанды мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына сәйкес бюджтеттің негізінде әзірлеу және бекіту;

мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес міндетті жариялауға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметті мемлекеттік стапы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыру;

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан республикасы Заңына сәйкес Департаменттің мемлекеттік сатып алу жоспары  бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жүзеге  және олардың үлестіруді қамтамасыз ету;

мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес техни калық ерекшілікті жасауға қатысу;

заңнамалық актілерге сәйкес теңгерімнен негізгі құралдарды есептен шығаруды келісуді жүзеге асыру, тиісті нормативтерге сәйкес негізгі қаражатты есепке алу;

Департаменттің қызметтік үй-жайларын жиһазбен, жабдықпен жабдықтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ Департамент теңгерімдеріндегі автокөліктерді, жабдықтарын және мүкәммалды пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету;

Қойманң есебін жүзеге асыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау беру:

Департамент басқарма бастығының тапсырмаларын белгіленген тәртіппен атқаруды жүзеге асыру;

Өз жұмысын ұйымдастырудағы қабілетін арттыру, ақпараттық-талдамалыы сипаттағы үлгілерді игеру, тіл табысу;

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика,менеджмент,қаржы,есеп және аудит), «Құқық» (құқықтану), «Техникалық ғылымдар және технология» (көлік, көліктік техника және технология) мамандықтары.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, «Ішкі істер органдар жөніндегі» «Азаматтық қорғау туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік статистика туралы»,Заңдары, «Қазақстан республикасы  мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалнуды ретке келтіру туралы», «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту утарлы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылалрын, «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Қаржы минисррінің бұйрығын білу.

Құжаттарды қабылдау мына мекен жайы бойынша

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Еуразия даңғылы 90,105 бөлме (анықтама үшін телефоны: 8 (7112) 51 27 02, факс: 8 (7112) 51 27 02)   электрондық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жүзеге асырылады.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

 3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

   «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

 «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

  Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурс комиссиясының қарауына азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күніненкешіктірілмей беріледі.

 Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

  Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні) жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін  келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.

  Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:  жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Еуразия даңғылы 90, (анықтама үшін телефоны: 8 (7112) 51 27 02, факс: 8 (7112) 51 27 02)   бойынша әңгімелесуден өтеді.

 

 

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

___________________________
(мемлекеттік орган)  

___________________________

 

Өтініш

Мені__________________________________________________________________             бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

 

Қоса берілген құжаттар: _________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________
__________________________________________________________________

__________                                         ____________________________________
   (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____»_______________ 20__

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Форма       

 «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

 

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

 

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

 

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

 

 

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата