Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

23.11.2017

«Қазақстан  Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі ваканттық лауазымдар бойынша конкурс жариялайды:

 

1. Тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің инспекторы Орал қаласы (С-2) – 1 бірлік.

Қойылатын талап: экономикалық немесе құқықтану бойынша жоғары білімі, аталған санаттағы нақты лауазымда функционалдық  бағыттарда сәйкесінше екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

2. Тылдық қамтамасыз ету тобының аға шебері Орал қаласы № 6 өрт сөндіру бөлімі –1 бірлік.

Қойылатын талап: мамандыққа сәйкес (біліктілігі) білімі техникалық және кәсіби орта (арнаулы орта, кәсіби орта).

 

Қажетті құжаттар тізбесі: конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, кадрларды тіркеу бойынша толтырылған жеке іс парағы, лауазымға қатысты біліктілік талабына сәйкес білімі жөніндегі құжаттың көшірмесі, еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі, медициналық куәландырудан өткені жөніндегі құжат (№ 086), тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі, сотталғаны бар әлде жоқтығы жөніндегі анықтама.

    Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмағаны конкурсқа қатысушыға құжаттарын қайтаруға негіз болып табылады.

   

 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды хабарландыру жарияланған

күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға ұсыну қажет: 

БҚО Орал қаласы Достық-Дружбы даңғылы, 215, 090006.

Кадр жұмысы бөлімінің телефоны/факс 53-58-33, электрондық мекенжайы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..