Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Жылы әрі құрғақ ауа райы орнайтын уақыт алыс емес.  Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей осы уақытта көшелердегі, ауылдық елді мекендердегі, орманды, саябақты аймақтардағы, ауылшаруашылық алқаптардағы, үй-жайлық учаскелер жанындағы құрғақ шөптің, қоқыстардың жануымен байланысты өрттер саны бірден көбейеді.

Ереже бойынша өрт қауіпті кезеңіне дайындық жұмыстарын бастау наурыз айынан басталады. Егер көктемнің басында дайындық теория жүзінде жүрсе, алғашқы жылы күндер басталысымен өртке қарсы қызметтер тәжірибе жүзіндегі дайындыққа көшеді.

Тәжірибе жүзіндегі осындай жаттығуларға БҚО-ның іргелес орналасқан аудандарының ерікті өрт сөндіру құрылымдарының бірлескен оқу-жаттығуларын жатқызуға болады. Осы жаттығулар барысында орман және дала өрттеріне дайындық тексеріледі.

Мысалы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының аумағындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығуларына БҚО Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округінің және Бөрлі ауданы Успенов ауылдық округінің ерікті өртке қарсы құрылымдары қатысты. Ал Тасқала ауданында олар Зеленов ауданы ауылдық округтерінің (Егіндібұлақ, Зеленов, Мерей және Тасқала ауылдық округтері) қатысуымен өтті.

Оқу-жаттығуларының сценариі бірдей: шартты өрт жүргінші адамның отқа салғырттығынан, яғни сөндірілмеген темекі тұқылын жолға жақын маңға лақтыруынан пайда болған. Соның салдарынан құрғақ шөптің жануы орын алып, от үлкен аумаққа таралған.

Хабарлама келіп түскеннен кейін аудандардың ТЖБ жеке құрамы мен техникасы өршіп бара жатқан өртті алдағы сәттерде жоюға арналған іс-шараларға жедел жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында бөлімшелер өрттерді сөндіруге ерікті өртке қарсы құрылымдардың күші мен құралдарын тарту және олардың алдағы уақыттағы өзара іс-әрекеті бойынша тапсырмалар қатарын орындады, соның ішінде табиғи өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдардың дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығуларға барлығы 15 бірлік техника, 25 бірлік аспалы өрт сөндіргіш құрал, 17 бірлік көмекші құрал және ЕӨҚ жеке құрамының 48 адамы жұмылдырылды.

Аталмыш тәжірибелік оқу-жаттығулары сабақтарының басты мақсаты - табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі тиімділікті арттыру, мүмкін болатын далалық өрттерді жоюға өрт сөндіру бөлімшелері келгенше ЕӨҚ-ның тәжірибе жүзіндегі дайындығын және олардың күштермен, техникалық құралдармен жарақтануын тексеру, сондай-ақ, оларды далалық жердегі мүмкін болатын жанулар мен өрттерді жоюға бірлескен әрекеттерге әзірлеу.

 

БҚО ТЖД

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы