Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

10.03.2017

2017 жылғы 20 ақпанында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті веб-порталында және «Қызмет.кз» порталында «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер бос лауазымына – бас маман лауазымы –мемлекеттік тіл және ақпараттық тобы– 1 бірлік, С-О-5 санаты және тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы лауазымына (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шығу уақытына дейін) – 1 бірлік, С-О-5 санатына хабарландыру жарияланды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізетін конкурстық комиссия құрылды.

Конкурстық комиссия қызметінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сарапшы ретінде Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасының кадр жұмыс бөлімінің бас маманы Бақытгүл Абайқызы Мәжітова және «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Аумақтық қорғаныс басқармасы қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі маманы Актоты Сайлауовна Бахитова, сондай-ақ байқаушы ретінде – «Ауған соғысының мүгедектер және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» ҚБ төрағасы Тахир Зарипович Косчанов шақырылды.

Бос лауазым бойынша конкурсқа қатысу үшін 1 үміткер, соның ішінде мемлекеттік тіл және ақпараттық тобының бас маманы лауазымына – 1 үміткер, тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы лауазымына үміткер жоқ.

Конкурстық комиссия С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ұсынылған құжаттарды қарастыра келе әңгімелесуге ұсынылған өтініштер мен конкурсқа қатысушының қажетті құжаттарының жіберілуіне бірауыздан шешім шығарды.

2017 жылғы 6 наурызында үміткермен әңгімелесу өткізілді. Үміткермен әңгімелесудің жүргізілу барысы бөлек хаттама түрінде ресімделді. Үміткердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен сәйкесті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығын негізге алды.

Үміткермен әңгімелесуден кейін конкурстық комиссияның қорытынды отырысында келесідей шешім шығарылды:

Мемлекеттік тіл және ақпараттық тобының бас маманы бос лауазымына

Нұргүл Қонысқызы Мұқанова ұсынылсын.

Тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы бос лауазымына (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шығу уақытына дейін) байқау өтпеген болып есептелсін.