Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

31.10.2017

2017 жылғы 17 қазанда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті веб-порталында және «Қызмет.кз» порталында «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметші бос лауазымына –қаржымен  қамтамасыз ету бөлімінің бас маман лауазымы - 1 бірлік, С-О-5 санатына хабарландыру жарияланды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына үміткерді іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізетін конкурстық комиссия құрылды.

Конкурстық комиссия қызметінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сарапшы ретінде Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚР инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті департаментінің әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы Гулназ Рамазановна Нургалиева және   Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бас маманы Кабдрашов Айбар Сырымович, сондай-ақ байқаушы ретінде - Заңды тұлғалар бірлестігі ҚР ерікті өрт қоғамдары одағы Батыс Қазақстан өрт сөндіру ерікті  қоғамының өкілі  Максим Евгеньевич Ларшин шақырылды.

Бос лауазым бойынша конкурсқа қатысу үшін 1 үміткер қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің  бас маманы лауазымына өтініш берді.

Конкурстық комиссия С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ұсынылған құжаттарды қарастыра келе, әңгімелесуге  ұсынылған өтініш мен конкурсқа қатысушының қажетті құжаттарының жіберілуіне бірауыздан шешім шығарды.

2017 жылғы 30 қазан күні С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға үміткермен әңгімелесу өткізілді.

Үміткерлермен әңгімелесудің жүргізілу барысы бөлек хаттама түрінде ресімделді. Үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен сәйкестігіне бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығын негізге алды.

          Үміткермен әңгімелесуден кейін конкурстық комиссияның қорытынды отырысында келесідей шешім шығарылды:

Қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы  бос лауазымына Айдаралиева Айсулу Бактыгалиевна  ұсынылсын.