Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Республика бойынша 10 ай ішінде (2017/2018) орын алған барлық ТЖ мен оқиғалар саны – 14235/13076, олардың ішінде ТЖ кезінде – 1861/1427 жағдайды құрайды. ӨЖСК-мен (өткен жылдың сәйкесінше кезеңі) салыстырғанда барлық ТЖ  1159 (-8,14%) жағдайға, ТЖ критериі бойынша 434 (-23,3%) жағдайға азайған. Барлығы 3133/2928 адам (-6,5%) зардап шекті, оның ішінде 938/865 адам (-7,8%) қаза болды. Олардың ішінде ТЖ кезінде 1967/1898 (-3,5%) адам зардап шегіп, 936/858 (-8,3%) адам қаза болды.

 

Осылайша, зардап шеккендер саны 6,5%-ға, қаза болғандар саны 7,8%-ға азайды.

 

Облыстар кесіміндегі ТЖ мен оқиғалар саны

 

 

Облыстар бойынша зардап шеккендердің өсу динамикасы

 

 

2017-2018 ж.ж. салыстырғандағы облыстар бойынша ТЖ және оқиғалар кезінде қаза болғандар саны

 

 

Республика бойынша (2017/2018) техногендік ТЖ мен оқиғалардың саны – 11970/11285 жағдайды құрайды. Оның ішінде БҚО үлесі жалпы саннан (570) 5,1%-ды құрайды.

 

Техногендік ТЖ-ның көп бөлігі: Алматы обл. (1387), Шығыс Қазақстан (1375), Қарағанды (1362), Қостанай (861), Ақмола (684), Ақтөбе (657), Павлодар (645) облыстарында және Алматы қаласында (608) тіркелген. Техногендік ТЖ-ның аз бөлігі Оңтүстік Қазақстан (511), Қызылорда (414), Атырау (277) және Маңғыстау (253) облыстарында орын алған.

 

Техногендік ТЖ-ның өсу саны ӨЖАК-мен салыстырғанда:

 

- 10%-ға дейін өсуі – Алматы қ. (+8,8%), Шығыс Қазақстан (+8,3%), Батыс Қазақстан (+7,1%), Ақтөбе (+4,1%) және Маңғыстау (+4,1%) облыстарында тіркелді.

 

Техногендік ТЖ-ның азаю саны ӨЖАК-мен салыстырғанда:

 

Ақмола (-17,9%), Оңтүстік Қазақстан (-14%), Алматы обл. (-13,6%), Қарағанды (-12,7%), Астана қ. (-11,5%), Жамбыл (-8,7%), Қызылорда (-8%), Қостанай (-7,4%), Солтүстік Қазақстан (-4,3%), Атырау (-1,8%) және Павлодар (-1%) облыстарында тіркелді.

 

Техногендік ТЖ мен оқиғалардың басым бөлігін тұрмыстық және өндірістік өрттер (2017/2018) – 11867/11180 (техногендік ТЖ жалпы санының 99%-ы) құрайды. Оның ішінде БҚО үлесі жалпы саннан (531/567) 5,1%-ды құрайды.

 

Өндірістік және тұрмыстық өрттердің көп бөлігі мынадай аймақтарда орын алды:

 

Алматы обл. – 1376;

 

ШҚО – 1366;

 

Қарағанды – 1360;

 

Қостанай – 857;

 

Ақмола – 671;

 

Ақтөбе – 654;

 

Павлодар – 640;

 

Алматы қ. – 603;

 

Жамбыл – 577;

 

БҚО – 567.

 

 

Өрттердің көбеюі келесі аймақтарда: Шығыс Қазақстан обл. (8,5%-ға (107 жағдайға), Алматы қ. 7,9%-ға (44 жағдайға), Батыс Қазақстан обл. 6,8%-ға (36 жағдайға), Ақтөбе обл. 4,6%-ға (29 жағдайға) және Маңғыстау обл. 4,6%-ға (11 жағдайға) артқаны байқалады.

 

Өрт туындайтын негізгі объектілерге: 64,4%-ы тұрғын үй секторы, 17,8%-ы көлік құралдары, 4,6%-ы басқа ашық аумақтар, 3,4%-ы сауда кәсіпорындары, 3,3%-ы ормандар, 1,6%-ы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылымдар, 1,3%-ы әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 0,6%-ы салынып жатқан объектілер мен құрылыс алаңы жатады.

 

Өрттің пайда болуының ең таралған себептері: 36,7%-ы отты абайсыз қолдану, 27,9%-ы электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, 12,9%-ы пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 7,7%-ы анықталған қасақана өртеу, 4,6%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 3,4%-ы балалардың отпен ойнауы болып табылады.

 

Ірі көлік авариялары мен оқиғалар (2017/2018) – барлығы 57/44 жағдай (техногендік ТЖ-ның жалпы санынан 0,4%).

 

Көлік авариялары мен оқиғалар: Жамбыл обл. – 11 жағдай, Алматы обл. – 7, Шығыс Қазақстан – 6, Атырау – 5 жағдай, Қостанай – 3, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында – 2 жағдайдан, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 жағдайдан орын алды.

 

Өндірістік авариялар – 25/40 жағдай (техногендік ТЖ-ның жалпы санынан 0,4%).

 

Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар – барлығы 21/19 жағдай (техногентік ТЖ-ның жалпы санынан 0,2%).

 

Алматы қ.(5), Кызылорда обл. (3), Солтүстік Қазақстан обл. (3), Ақмола обл. (2), Павлодар обл. (2), Ақтөбе обл. (1), Шығыс Қазақстан обл. (1), Батыс Қазақстан обл. (1) және Қостанай обл. (1). Өзге облыстарда тіркелген жоқ.

 

Республика бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ жалпы санынан 13,7%-ды құрайды (71 жағдай немесе 4% БҚО үлесіне тиесілі), 2017 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда тіркелгені: жалпы саны 1791 (21%-ға, 474 оқиғаға азайды), 1676 адам зардап шекті (17 адамға аз), 335 адам қаза болды (92 адамға аз), оның ішінде:

 

- 37 қауіпті гидрометеорологиялық құбылыс (47,1%-ға азайды), 8 адам зардап шекті, оның ішінде 1-уі қаза болды;

 

- 1021 қауіпті жұқпалы аурулар мен адамдардың улануы (6,5%-ға немесе 71 оқиғаға азайды), 1339 адам зардап шекті, оның ішінде 8 адам қаза болды;

 

- 2 жануарлардың жаппай және қауіпті ауруы Ақмола және Павлодар облыстарында тіркелді, зардап шеккендер жоқ;

 

- республиканың су қоймаларында зардап шеккендер туралы 301 хабарлама келіп түсті (Алматы обл. – 51, Шығыс Қазақстан – 38, Оңтүстік Қазақстан – 29, Павлодар – 24, Атырау және Қызылорда – 20 жағдайдан, Жамбыл – 17, Қостанай – 16, Ақтөбе – 15,  Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан – 13 жағдайдан, Қарағанды – 11, Маңғыстау – 10 жағдайдан, Астана қ. – 8, Алматы қ. – 3 оқиға).

 

- 2 балдан жоғары 27 жер сілкінісі (68,8%-ға көп): Алматы обл. – 12, Алматы қ. – 7, Оңтүстік Қазақстан обл.– 5, Жамбыл обл. – 3 оқиға орын алды.

 

403 табиғи өрт (44%-ға азайды): Шығыс Қазақстан – 152, Қостанай – 56, Жамбыл – 44, Павлодар – 41, Ақмола – 25, Ақтөбе – 20, Солтүстік Қазақстан – 14, Алматы обл. – 13, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан – 11 жағдайдан, Қарағанды – 7, Атырау – 6 және Қызылорда облысында – 3 оқиға орын алды.

 

ҚР облыстары кесімінде 2017-2018 жылдардағы ТЖ мен оқиғалар келтірген материалдық шығынның өсу динамикасы (млн.теңге)

 

 

Осылайша, Қазақстан Республикасы облыстары бойынша 2018 жылдың 10 айында орын алған төтенше жағдайларға жүргізілген талдау көрсеткендей, Батыс Қазақстан облысында зардап шеккендер 79 (2017-34, 2,3 есе көп) саны мен қаза болғандар 29 (2017-23, +26,1%) саны өскені байқалады. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың 570 (2017-532, 7,14%-ға өсті), олардың салдарынан зардап шеккендер 42 (2017-13, 3,2 есе көп) саны және қаза болғандар 16 (2017-9, +77,8%) саны да өсті.

 

Ірі көліктік авариялар мен оқиғалар бойынша өсу 100%-ды құрайды: барлығы 2 оқиға (2017-0), зардап шеккендер – 7 (2017-0), қаза болғандар – 7 (2017-0).

 

Өндірістік және тұрмыстық өрттер саны көбейді 567 (2017-531, 6,8%-ға көп), зардап шеккендер саны өсті 28 (2017-23, +22%), алайда қаза болғандар саны 50%-ға азайды (2017-10, 2018-5).

 

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, ұсынылады:

  1. қала, аудан әкімдіктерімен, жергілікті полиция қызметімен, жастар саясаты жөніндегі бөлімдердің өкілдерімен бірге ірі мал азығын сақтау орындарына қасақана от қоюға жол бермеу бойынша рейдтер ұйымдастыру;
  2. БАҚ арқылы тұрғындарға барлық өртте қаза болған адамдар, өрттердің орын алуына әкеліп соққан себептер мен шарттар туралы хабар тарату, осы оқиғаларды ақпараттық себеп ретінде қолдану, жарияланатын материалдарда өрт қауіпсіздігі ережелеріне баса назар аудару;
  3. тексерістерді мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылауға берілетін барлық құқықтарды пайдалана отырып сапалы жүргізуді қамтамасыз ету
  4. өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымда қарастырылған іс-шаралар орындалмаған жағдайда өрттердің туындауына жол бермеу мақсатында объектіні пайдалануды тоқтатуға дейінгі барлық құзыретке жататын шараларды қабылдау;
  5. қауіпті су айдындарында, әсіресе мұз үстімен өтетін жерлер мен мұз астынан балық аулау орындарында мұздың қатуын бақылау жұмысын жүргізу, ол жерлерге ескерту белгілерін орнату, жүйелі түрде патрульдеу, қарау және рейдтер жүргізу;
  6. қауіпті борандар, жылымықтар және қардың көп түсуі туралы халықты уақтылы құлақтандыру.

 

БҚО ТЖД ақпараттық-аналитикалық бөлімшесі