Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

23.06.2016

 

Күзде өзен-көлдің бетін мұз жаба бастаған кезде, мұзбен жүруге болмайтындығын баршамыз білеміз. Бірақ соған қарамастан мұзбен жүріп өтем деген оймен түсіп, қайғылы жағдайға ұшырап жатқандар да кездеседі.

 

Құрметті жерлестер, су айдындарындағы мұз жамылғысы алғаш пайда бола салысымен жас мұзды коньки және шаңғы тебуге, шанамен сырғанауға сонымен қатар өткел ретінде пайдалануға болмайтындығын естен шығармаңыздар.

Мұзбен жүрмей тұрып, оның берік екендігіне көз жеткізу қажет. Мұздың беріктігін сүйменмен тексереді: берік мұз 2-3 соққыдан кейін ғана тесіледі. Егер мұз бір ұрғанда тесіліп, су шықса, онда дереу тоқтап өз іздерімен кері жүру керек. Қайтар жүрісті бастағанда бірінші адымдарды аяқ табанын мұз бетінен үзбей басып қозғалу керек. Барлық жағдайда жағадан мұзға түспес бұрын ұқыппен жан-жақты бағдарлап, қауіпсіз жерлерді таңдап алып, жүріс бағытын белгілеу лазым болады. Мұз үстімен жүргенде аса зор сақтық жасап, мұз бетінің күдікті жерлерін ұқыппен зер сала қадағалау керек. Қалың қары көп алаңдардан сақ болу керек, өйткені  оның астындағы мұз ашық жердің мұзынан жұқалау келеді. Қар басқан тегіс бетті мұз жамылғысындағы күңгірт дақтар – ол жұқа, бекімеген мұз. Ондай жерлерден аулақ жүрген дұрыс.Жиектегі мұз тым осал келеді. Тіпті мұз жамылғысы сенімді болғанның өзінде де кейде жаға жиегінде бұлақ суы жиі ағып тұрады да қауіпті жерлер пайда болады. Сондықтан ондай тұстарды аса мұқият байқаған жөн.

Коньки тебуге тек қана арнайы жабдықталған мұз айдындарында ғана рұқсат етіледі. Егер мұз айдыны су бөгеттерінде (өзен, көл, тоған) ұйымдастырылса, онда сырғанауға мұз беріктілігін мұқият тексергеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Және де мұздың қалыңдығы 10-12 см-ден кем болмауы керек, ал жаппай көпшілік сырғанаса – 25 см. Түн ішінде, әсіресе, беймәлім жерлерде жапа-жалғыз сырғанау қауіпті.

Қыста мұз астынан балық аулау, мұз үстінде жүру ережелері өте-мөте қатаң сақталуы тиіс. Балық аулап жатқанда шағын алаңда көп шұңқыр қазуға болмайды.

Әрбір шұңқырды қадалармен қоршап қою керек, өйткені, бір түнде тесікке мұз қатып, бетін қар басады да, тесіктің қай жерде екені көрінбей қалады.                                  

Егер Сіз мұз астына құлап кетсеңіз, сасқалақтап қалмаңыз. Дереу екі қолды мұз үстіне жазып жіберу керек, сонда жоғарыда (судың бетінде) қаласыз. Көмекке шақырыңыз. Шалқадан түсіп, арқаға жатыңыз және екі қолды жайып жіберіңіз. Көлденең түсіп, аяқтың көмегімен қимылдап мұз бетіне шығыңыз, алдымен бір аяқты, одан екінші аяқты судан шығарып алып, орныңыздан тұрмай домалаңыз, одан әрі, келген жағыңызға қарай еңбектей жылжыңыз.

Мұзға құлаған адамға көмек көрсеткенде оның қасына өзің қатерге ұрылып қалмас үшін тым жақын келуге болмайды. Зақымданған адамға мұзға кеудені төсеп, екі қолды, аяқты жазып жіберіп жақындау керек. Көмек беру үшін тақтай, саты, сырық, арқан, ілмекті бақан, белбеу сияқты және басқа да қол астындағы құралдарды пайдаланған жөн. Егер ондай құрал болмаса, екі-үш адам мұз үстіне жатады да бірін бірі сүйемелдеп, аяқтарынан ұстап, алдыңғысы ойыққа 3-5 м жетпей зардап шегушіге белбеу немесе арқан тастайды. Ол берген затты ұстай алысымен еңбектей отырып оны берік мұзға қарай тарту керек.

Қатерге ұшыраушыға көмекті тез беру керек, өйткені адам мұздай суда 20-30 минуттен кейін тоңазып, естен айырылады.

Судан алып шыққан адамды дереу жылы жайға кіргізіп, тыныштандырып, ылғалды киімдерін шешеді, денесін ысқылап, құрғақ киім кигізеді де, ыстық шай немесе сусын ішкізеді.

Мұздың үстінен өтпес бұрын оның беріктігіне көз жеткізіп алған жөн. Балықшылар мұз үстінде жүру ережелерін қатаң сақтаулары тиіс. Әр қазылған ойықты қадалармен қоршап қою керек, себебі түнде бетіне мұз қатады және қар басып көрінбей қалады. Сол жерге басқа біреу түсіп кетуі мүмкін.

Мұзда жүру ережелері:

  • жұқа қатпаған мұзға шығуға;
  • мұздың үстінде топ болып жиналуға;
  • мұз бетіндегі ойықтарға, жарылған жерлерге жақындауға болмайды;
  • тік жағалаудан жұқа мұзға қарай шанамен, шаңғымен сырғанауға болмайды;
  • мұз үстімен тиым салынған жерлерден жүруге;
  • қараңғыда және көру мүмкіндігі шамалы кезде мұзға шығуға болмайды. 

Осы қарапайым ережелер қатаң сақталса, қауіпсіздіктің алдын алуға болады.