Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

23.06.2016

 

Баршамызға белгілі, бүгінде қала және ауыл тұрғындарының көп бөлігіне газ құрал-жабдықтарының кез-келген түрін пайдалануға мүмкіндік беріліп отыр. Осыған орай, әрбір адам газ құралдарын пайдланудің қауіпсіздік ережелерін қатаң білуі тиіс. Себебі, көп жағдайда газжарылысы газ құралдарын пайдалану ережесін бұзу нәтежесінде болып отырады.

 

Әрине, газдың тиімді жақтары өте көп. Ол – арзан жанар май түрі, ешбір қалдықсыз жанады, жылыту температурасы да жоғары болып келеді. Дегенмен, газ - өте қауіпті. Ауа қоспасымен бірге газ өте жоғары жарылғыш қасиетке ие болады. Сондықтан газ бен ауаның жарылу қаупіндегі қоспасы үлкен үйді де қаусата алады.

Жаман айтпай жақсы жоқ демекші, егер сіз газдың өткір иісін сезінсеңіз, шүмекті жауып, үйді желдетіңіз, 104 телефонымен апат қызметін шақырыңыз. Ешбір жағдайда от жақпаңыз, ешқандай электр құралдарын қоспаңыз және өшірмеңіз. Есте сақтаңыз, газ шыққан жерде тек сабын көбігінің арқылы анықтауға болады.

Сондай-ақ, үйден шығар сәтте газ құбырындағы кран көмегімен газды жабуды ұмытпаңыз.

Жалпы, қайғылы оқиғаны болдырмас үшін төмендегідей газ құралдарын пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін біліп, оларды қатаң сақтаңыз: 

  • Газ құрал-жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз.
  • Газ түтіктеріне кір  ілетін жіпті байламаңыз.
  • Газ желісі түтіктерінің ақауларын өздеріңіз жөндеменіз! Аспаптан қатерлі ұшқын шығуы мүмкін.
  • Газ құрал-жабдықтарын жұмыс істеп тұрғанда, әсіресе, оларға балалардың қолыжететін жағдайда қараусыз қалдырмаңыз. 

Құрметті қала тұрғындары, осы айтылған ережелердің орындалуы тек өз қолыңызда! Қашанда газ құралдарын күнделікті өмірде пайдаланғанда сақ болыңыздар! Қашанда газ құралдарын күнделікті өмірде пайдаланғанда сақ болып,қайғылыоқиғаны болдырмауға тырысыңыз!