Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

23.06.2016

 

Қатты аяздар төтенше жағдайларға алып келуі ықтимал. Тұрғындарға көшеге шығуға тек нақты қажет жағдайда ғана ұсынылады.

 

БҚО аумағында қыстың орта мезгілінде аяздың күшеюі ықтимал. Қатты аяз болып, желдің күшею салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (техногендік өрт оқиғасы, коммуналдық жүйедегі авариялар, көліктегі авариялар) орын алуы ықтимал. Сонымен қатар адамдар арасында үсік шалу оқиғалары да тіркеледі.

Ауа температурасы күрт төмендеген жағдайда ТЖ алдын алу мақсатында ТЖ департаментінің мамандары төмендегі кеңестерді ұсынады.

  • Хабар түскен бойда туыстарыңызды, көршілеріңізді ақпараттандырыңыз, бұл жайында оларда өз таныстарына жеткізсін.
  • Ауа райына байланысты мектептің оқу үрдісі бойынша ақпарат жергілікті радио және телеарналар бойынша беріледі.
  • Қатты аяз кезінде көшеге шығуды шектеңіз, сонымен қатар жеке көлікпен алыс жолға шықпаңыз.
  • Үйден шықан кездің өзінде үсік шалмау үшін бар мүмкіндікті жасаңыз.
  • Аязда қолғапсыз, жылы бас киімсіз жүрмеңіз. Қолғап ылғал тартпайтын, жел кірмейтін, іші жүн болғаны жөн болғаны жақсы көмектеседі. Натуралды материалдан жасалған қолғаптар ыңғайлы болғанымен, аяз кезінде қолды қажетінше жылыта алмайды. Салқын ауаға шығар алдында дененің ашық бөлігін арнайы креммен ысқылап алған жөн.
  • Аяз күндері металдан, соның ішінде алтын, күмістен жасалған  бұйымдарды тақпаңыз (сырға, сақина және т.б.). Біріншіден метал денеден бұрын төменгі температураға дейін тез суыйды, оның нәтижесінде метал теріге жабысып, денені ауыртып және салқын жарақат салады. Екіншіден саусақтағы сақина қалыпты қан айналысын бұзады. Аязды күндері жалаң қолмен металды ұстамағаныңыз жөн.
  • Есіңізде болсын, бұл уақытта қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысы күрделі жағдайда болады. Қала көшелерінде апаттық жағдайдың жиі қалыптасуы ықтимал.
  • Егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жолда от алмай қалған болса, байланыс желісі болса телефонмен көмек шақырыңыз, немесе жол бойында өзге көлікті күтіңіз. Жақын маңда елді мекен көрінбейтін болса көлігіңізден жаяу алысқа шықпаңыз.
  • Желден ықтаныңыз – желді күні үсік шалу ықтималдығы жоғарлайды.
  • Тұрғын-үй коммуналдық қызметтері күрделі жағдайда жұмыстанады. Бұл кездерде газдың немесе элект,  жылу желісінің апаттық жағдаймен ажыратылуы мүмкін. Бұл жағдайғада даяр болу қажет. Үйіңізде алдын ала қосымша жылыту құралын, майшам т.б. әзірлеп қойыңыз.

ТАЙҒАҚ МҰЗ

  • Ғимарат шатырынан адам өміріне қауіп төндіріп тұрған мұз сүлгілерін көрсеңіз тұрғын үй коммуналдық қызметіне немесе ТЖ департаментіне 112 телефоны арқылы хабарлаңыз.
  • Әсіресе бала бақша, тұрғын үй, метеп ғимараттарына назар аударып жүріңіз.
  • Аяққа мұзға таймайтын аяқ киім киіңіз немесе аяқ киім сыртынан  мұзға қарсы жабдықтар бекітілген арнайы резеңкі киюге болады.
  • Өте сақ жүріңіз, әсіресе көше қиылысында, көлік тоқтайтын жерлерде және т.б. Жолдан өтерде арнайы орындардан өтіңіз.

Еске сақтаңыздар!

Жол адам өміріне өте қауіпті орынның бірі болып табылады. Өз өміріңізді сақтаңыз. Балаларыңыздың қауіпсіздігін ойлаңыз.