Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

12.12.2017

2017 жылғы  23 қарашада  Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті веб-порталында және «Қызмет.кз» порталында «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметші бос лауазымына – бас маман лауазымы төтенше жағдайлар жою бөлімі - 1 бірлік, С-О-5 санаты хабарландыру жарияланды.

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізетін конкурстық комиссия құрылды.

 

Конкурстық комиссия қызметінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сарапшы ретінде ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің БҚО бойынша экология департаментінің бас маманы Тансауле Кайыргалиевна Сугурбаева, сондай-ақ байқаушы ретінде – «Казах автодор» ЖШС-нің  өкілі  Хабиболла Хасенович Дияров және «Ішкі істер органдары және Ұлттық гвардия Қазақстандық ардагерлер ұйымы», «Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар бөлімшелері ардагерлері ұйымы» Қоғамдық бірлестігі филиалы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермеккали Дуйсахаевич Машанов  шақырылды.

 

Бос лауазым бойынша конкурсқа қатысу үшін 1 үміткер өтініш берді.

 

Конкурстық комиссия С-О-5 санаты бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ұсынылған құжаттарды қарастыра келе әңгімелесуге  ұсынылған өтініш мен конкурсқа қатысушының шешім шығарды.

 

2017 жылғы 8 желтоқсан күні үміткермен әңгімелесу өткізілді.

 

Үміткермен әңгімелесудің жүргізілу барысы бөлек хаттама түрінде ресімделді. Үміткердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен сәйкесті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығын негізге алды.

          Үміткермен әңгімелесуден кейін конкурстық комиссияның қорытынды отырысында келесідей шешім шығарылды:

            лауазымдық бос орынға конкурс өтті деп жариялансын. Төтенше жағдайлар жою бөлімінің бас маманы бос лауазымына Ержан Едылгалиевич Утешев ұсынылсын.