Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

20.03.2018

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңына, «Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне аттестаттау өткізу туралы үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы №124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес 2018 жылғы  30 наурыз күні сағат 15.00-де   мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215 ғимаратында орналасқан Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аттестациялық комиссиясының отырысы өтеді.

 

Аттестаттау комиссиясының отырысына Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар ретінде шақырылады!