Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 090000, Орал қаласы, Евразия даңғылы, 90, каб.104 тел. 8(7112)512702, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

 

  1. Казталов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері (C-SVR-8) – 1 бірлік, Шыңғырлау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері (C-SVR-8) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылауды іске асыру, өз құзыреті шеңберінде төтенше жағдайлар туындауға әкеліп соққан аварияларға, апаттарға тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асыру.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі арнайы орта, техникалық және кәсіптік білімі: өрт қауіпсіздігі, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды жасау, электр энергетикасы,  жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, тыныс-тіршіліктің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, механика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнай-газ ісі, автоматтандыру және басқару, стандартизация, сертификаттау және метрология, төтенше жағдайларда қорғау, көлік, көлік техникасы және технологиялар, ҚР Заңдарын білуі, мемлекеттік тілді білгені жөн, 35 жастан аспауы шарт, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өткен азаматтар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: белгіленген үлгі бойынша өтініш, белгіленген үлгі бойынша  сауалнама,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ІІО-ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын; Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған толық түрде толтырылған өмірбаянды; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн; еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде); әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса); кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені; 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуретті;   Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы; құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін); біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

Құжаттар Бұқаралық-ақпараттық құралдарына конкурс өткізілетіні туралы хабарландырудың жарияланғаннан күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжайға ұсынылуы қажет.

         Құжаттардың толық тапсырылмауы оларды қараудан бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.