Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Еуразия даңғылы 90, 105 бөлме анықтама үшін телефоны: 8 (7112) 51 27 02, факс: 8 (7112) 51 27 02 E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

  1. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (С-О-5) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезінде 2021 жылдың 9 ақпанды қоса) - 1 бірлік, жалақы (83282теңге – 112430 теңге).

Функционалдық міндеттері: бөлімнің бас маманына жергілікті бюджет бойынша келесі міндеттер жүктеледі:

бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды бекітілген форма және мазмұн бойынша уақтылы, дұрыс ресімделуін, сондай-ақ тауар-материалдық құндылықтар мен қызметтер бойынша орындалатын операциялардың заңдылығын, бастапқы құжаттарды өңдеуді, бухгалтерлік есепке алу тізіліміндегі жазбалардың болуын алдын ала тексеруді жүзеге асыру.

тиісті қаржылық жылға бөлінген жергілікті бюджеттік қаражатты толық көлемде ай сайын игеруді қамтамасыз ету және  міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сай  берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелер қабылдау және бақылау жүргізу, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгертулерді ескере отырып, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сай және бюджеттік бағдарламалардың жоспарына сәйкес  қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатқа сай шығындалуын қамтамасыз ету, сонымен қатар ақшалай қаражат пен мүліктік құндылықтардың сақталуын қадағалау;

жеткізушіні енгізуге тапсырыс қалыптастырады, ұсынылған реквизиттерге сай жеткізушілердің реквизиттерінің дұрыстығын тексереді;

ұсынылған құжаттар негізінде міндеттемелерді, келісім-шарттарды Қазынашылық Департаментінде тіркеуге тапсырыс құрайды; келісім-шарттарды тексеру барысында Қазақстан Республикасының 21.07.2007 жылғы №303 «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының және ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 26.02.2009 жылғы №220 Республикалық және жергілікті бюджетті орындау ережесінің талаптарының сақталуын бақылайды;

Келісім-шарт шарттарын /келісім-шарттың әсер ету мерзімін, алдын ала төлем пайызын, қойылым мерзімін/ бақылайды;

144, 149, 151, 152, 154, 159,  411, 412, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 429 келісім-шартты ерекшеліктер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына сараптау жүргізеді, жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер бойынша бөлінген лимиттердің үнемделуі немесе шектен тыс шығындалу себептерін анықтайды, былтырғы жылдың баламалы кезеңімен салыстыру жүргізеді және жүргізілген сараптау негізінде  сәйкес қаржылық жылға тапсырыс құру барысында бағдарламалар және бағдарлама тармақтары бойынша ұсыныстар береді. Қаржылық қызметі туралы кестелер, анықтамалар даярлауға мәліметтер ұсынады;

Сонымен бірге республикалық бюджет есебінен қаржыландыру, жоспарлау, бухгалтерлік есепке алу мен есеп беру, қаржылық бақылау 8-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 386 нысанды есеп беруге жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосінің жұмыстарын тікелей жүргізеді;

Ай сайын бас кітаппен шоттардың қалдығын тексереді;

            Төтенше жағдайлар комитетімен және БҚО Қаржы басқармасымен активтерді есептен шығару бойынша хат алмасуларды жүргізеді (ОС-3,4 нысан);

Коммуналдық меншіктегі мүліктік құндылықтарға жылдық түгендеу жүргізеді, түгендеу актісі мен оған ведомостілер толтырады;

Департамент қоймасынан коммуналдық меншіктегі мүліктік құндылықтар алуға құжаттар жазып береді, жіберілген тауарлық-мүліктік құндылықтарға авизо және хабарламалар жазып береді;

            Жергілікті бюджет есебінен ведомствалық бағыныстағы мекемелерге өтеусіз берілген тауарлы-материалдық құндылықтарды рәсімдейді және есебін жүргізеді;

            Жергілікті бюджет бойынша активтердің өтеусіз берілуін қамтамасыз ету бойынша хат, құжаттарды рәсімдейді;

Белгіленген нормалар бойынша активтерге тозуды есептейді;

ҚР ІІМ ТЖК және  жергілікті органдармен  хат алмасуды жүргізеді;

            Коммуналдық меншіктегі мүліктік құндылықтардың қозғалысы туралы есеп жасайды ф№5,6 нысан жылдық есеп беруге қосымш және мағынасын ашады; 

Коммуналдық меншіктегі мүліктік құндылықтарды есептен шығару, іске асыру, шығындауға негіз болатын бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары. «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика,  қаржы, есеп және аудит) мамандықтары. Ехсеl, «1С Бухгалтерия» бағдарламасымен  компьютерде жұмыс істей білу және мемлекеттік тілді білуі.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, «Бюджет Кодексі», «Еңбек Кодексі», «Республикалық бюджет туралы», «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік туралы» «Азаматтық қорғау туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы»Заңдарын білу.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Азаматтық қорғау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының тілдер  туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқық қорғау органдары туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

            «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

         мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

       жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Жалпы  конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

- 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес нысанда  толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттық қызметтік тізімі;

- білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

- еңбек қызметін растатын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандығы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариальдық куәландырылған көшірмесі);

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-  Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың: 1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген  «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама( немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру » мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына  сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

             Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

           

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменте өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

  __________________________
           (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________ _____________________________________________________________________________

 

 

 

__________                                                              ____________________________________

    (қолы)                                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

                                               Нысан

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания

 (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі

(болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс

 орны, мекеменің орналасқан жері/

должность, место

работы,

местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата