Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Еуразия даңғылы 90, 105 бөлме анықтама үшін телефоны: 8 (7112) 51 27 02, факс: 8 (7112) 51 27 02 E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

  1. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (С-О-5) - 1 бірлік, жалақы (103506 теңге – 146177 теңге).

Функционалдық міндеттері: республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру, жоспарлау, бухгалтерлік есепке алу мен есеп беру, қаржылық бақылау және басқа да қаржылық-шаруашылық қызметтері бойынша жұмыстарын тікелей жүргізеді;

 тиісті қаржылық жылға бөлінген бюджеттік қаражатты толық көлемде ай сайын игеруді қамтамасыз ету және  міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сай  берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелер қабылдау және бақылау жүргізу, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгертулерді ескере отырып, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сай және бюджеттік бағдарламалардың жоспарына сәйкес  қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатқа сай шығындалуын қамтамасыз ету, сонымен қатар ақшалай қаражат пен мүліктік құндылықтардың сақталуын қадағалайды;

материалдық құндылықтардың есебін жүргізуді,  операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарына дер кезінде түсуін қамтамасыз етеді;

қаржылық, есеп айырысу және кредиттік операциялардың  орындалуының есебін жүргізеді, олардың  заңдылығын, құжаттардың уақытылы және дұрыс ресімделуін және аяқталған операциялардың заңдылығын қамтамсыз жасайды;

Бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалары) бойынша үш жылдық кезеңге негіздемелермен, оларға қатысты есептеулермен бюджеттік өтінімді жасауға қатысады;

Жеткізушіні енгізуге тапсырыс құрайды, ұсынылған реквизиттерге сай жеткізушілердің реквизиттерінің дұрыстығын тексереді;

            Ұсынылған құжаттар негізінде міндеттемелерді, келісім-шарттарды Қазынашылық Департаментінде тіркеуге тапсырыс құрайды; Келісім-шарттарды тексеру барысында Қазақстан Республикасының 21.07.2007 жылғы №303 «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының және ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 26.02.2009 жылғы №220 республикалық және жергілікті бюджетті орындау Ережесінің талаптарының сақталуын бақылайды;

 Келісім-шарт шарттарын /келісім-шарттың әсер ету мерзімін, алдын ала төлем пайызын, қойылым мерзімін/ бақылайды;

Ай сайын республикалық  орындау Ережесіне сай Қазынашылық Департаментімен 4-09, 4-12 формалары бойынша сәйкестік тексеру жүргізеді;

  1. 123, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 154, 159, 411, 412, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 429 келісім-шартты ерекшеліктер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына сараптау жүргізеді, жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер бойынша бөлінген лимиттердің үнемделуі немесе шектен тыс шығындалу себептерін анықтайды, былтырғы жылдың баламалы кезеңімен салыстыру жүргізеді және жүргізілген сараптау негізінде сәйкес қаржылық жылға тапсырыс құру барысында бағдарламалар және бағдарлама тармақтары бойынша ұсыныстар береді. Қаржылық қызметі туралы кестелер, анықтамалар даярлауға мәліметтер ұсынады;

Ай сайын бас кітаппен шоттардың қалдығын тексереді;

 Төтенше жағдайлар комитетімен және БҚО Қаржы басқармасымен активтерді есептен шығару бойынша хат алмасуларды жүргізеді (ОС-3,4 нысан);

Есептен шығарылған активтердің қымбат металдарына жедел есеп жүргізеді;

Мүліктік құндылықтарға жылдық түгендеу жүргізеді, түгендеу актісін мен оған ведомостілер толтырады;

Департамент қоймасынан мүліктік құндылықтар алуға құжаттар жазып береді, жіберілген тауарлық-мүліктік құндылықтарға авизо және хабарламалар жазып береді;

 ҚР ІІМ ТЖК-нен өтеусіз алынған тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді;

Республикалық бюджет бойынша активтердің өтеусіз берілуін қамтамасыз ету бойынша хат, құжаттарды рәсімдейді;

Белгіленген нормалар бойынша активтерге тозуды есептейді;

ҚР ІІМ ТЖК және  жергілікті органдармен  хат алмасуды жүргізеді;

Республикалық меншіктегі мүліктік құндылықтардың қозғалысы туралы есеп жасайды ф№5,6 нысан жылдық есеп беруге қосымш және мағынасын ашады;

Тоқсан сайын активтердің қозғалысы бойынша БҚО Статистика басқармасына жылдық есеп тапсырады;

Материалды жауапты тұлғаларға тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау бойынша келсім-шарт рәсімдейді және қолдану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;

Республикалық меншіктегі мүліктік құндылықтарды есептен шығару, іске асыру, шығындауға негіз болатын бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

заңдылықты, қызметтік тәртіпті, еңбек тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметші этикасын мүлтіксіз сақтау; қызметтік, еңбек тәртібін бұзушылық фактілері бойынша тиісті қорытындылар шығару;

кәсіби, мәдени және дене шынықтыру деңгейін арттыруға жұмыстану;

қызметтік уақытты неғұрлым тиімді пайдалану үшін жұмысты жоспарлы ұйымдастыру;

Өз жұмысын ұйымдастырудағы қабілетін арттыру, ақпараттық-талдамалы сипаттағы үлгілерді игеру, тіл табысу;

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізу.

Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика,  қаржы, есеп және аудит) мамандықтары. Ехсеl, «1С Бухгалтерия» бағдарламасымен  компьютерде жұмыс істей білу және мемлекеттік тілді білуі.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, «Бюджет Кодексі», «Еңбек Кодексі», «Республикалық бюджет туралы», «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есептілік туралы» «Азаматтық қорғау туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы»Заңдарын білу.

 

  1. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті құжатамаллық қамтамасыз ету тобының бас маманы (С-О-5, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезінде 2022 жылдың 28 сәуірді қоса) - 1 бірлік, жалақы жалақы (103506 теңге – 146177 теңге).

Функционалдық міндеттері: Департаменттегі құжат айналымының электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша жүйелі жүргізілуін қамтамасыз ете отырып, жүйе бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді және Департамент басшылығы мен жеке құрамын үнемі хабардар етіп отырады.

Министрліктен, Комитеттен, облыс әкімдігінен және басқа да қадағалаушы органдардан келіп түскен тапсырмалардың, бұйрықтардың, бақылау актілерінің, хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзіміне бақылауды жүзеге асырады және орындаушылық тәртіп жай-күйіне талдау жасайды.

Департамент бастығының негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтарын, іссапар, жеке құрам жөніндегі бұйрықтарын тіркеуді жүзеге асырады, олардың техникалық ресімделуін тексереді және уақтылы жөнелтілуін жүзеге асырады.

Департаментте қатаң есептегі баспа-бланкілік өнімнің есепке алынуы мен берілуін, сақталуын ұйымдастырады, Топтағы мөрлер, мөртабандардың қолданылуына, сақталуы мен жойылуына бақылау жасайды.

Жазбаша хат-хабарлардың фельдъегерлік, арнайы байланыс қызметі, қазпошта арқылы уақтылы жөнелтілуін жүзеге асырады.

Бақылауда тұрған құжаттардың орындалу жай-күйі туралы Департамент басшылығына ақпарат береді.

Министрліктен, Комитеттен, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты және жедел бағыныста тұрған ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары және мекемелерден қағаз және электронды түрде келіп түскен құжаттарды, хаттамаларды, актілер мен тапсырмаларды зерделеп, тіркелуін қамтамасыз етеді, уақтылы қаралуы мен жіберілуін жүзеге асырады.

Топ қызметі бойынша Комитетке және өзге де мүдделі органдарға ұсынылатын ақпараттар мен есептердің сапалы және уақтылы дайындалуын ұйымдастырады.

Департаменттегі құжат айналымының Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі –ЭҚАБЖ) бойынша жүйелі жүргізілуін қамтамасыз етеді, тұрақты мониторингтер жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғалардан ауызша, жазбаша және электрондық порталға келіп түскен өтініштердің уақтылы қабылдануын және тіркелуін жүзеге асырады.

«Айқын» жобасы бойынша азаматтардың өтініштерінің уақтылы және ашық қаралуына бақылау жүргізеді, өтініш берушілерге талондардың берілуін,  өтініштердің «бір терезе» принципі бойынша қабылдануын қамтамасыз етеді.

Жеке және заңды тұлғалардан ауызша, жазбаша және электрондық порталға келіп түскен өтініштердің нақты мерзімдерде орындалуына бақылау жасайды және құжаттардың бөлімде жинақталып, сақталуына жауапкершілікте болады.

Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) тіркеп, № 1-ТӨ нысанды статистикалық есебін сапалы және уақтылы дайындап, тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Департамент басшылығының бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады.

Департамент басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі мен есебін жасайды және Департаменттің ведомстволық сайтында тоқсан сайын орналастырады.

«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар кіріс және шығыс құжаттарын тіркейді, олардың есепке алынуын, уақтылы қаралуы мен жіберілуін жүзеге асырады және сақталуын қамтамасыз етеді.

«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бұйрықтарды тіркеуді жүзеге асырады, талапқа сәйкес ресімделуін тексеріп, келісуге ұсынады.

«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттарға қатысты бұйрықтарды, нұсқауларды дайындап, Департамент бастығына келісуге ұсынады.

«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар файлдық хабарламалардың уақтылы тіркелуін, олардың есепке алынуын, уақтылы қаралуы мен жіберілуін жүзеге асырады және сақталуын қамтамасыз етеді.

Комитеттің веб-порталы мен веб-сайт ақпараттық жүйелеріне Департамент құзыретіне қатысты ақпараттарды әзірлейді және ұсынады.

Департаменттің ақпараттық жүйесіне Топ қызметіне қатысты ақпараттарды әзірлейді және ұсынады.

Қызметтің тиісті бағыттары бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты және жедел бағыныста тұрған ұйымдарымен өзара іс-қимылды, ақпарат алмасуды ұйымдастырады.

Топтың құзыреті шегінде іс жүргізу мен мұрағат ісі мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер өткізуді ұйымдастырады.

Департаменттегі сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады, сараптау комиссиясының хатшысы болып табылады. Сараптау комиссиясының жұмыс жоспарын дайындап, бекітуге ұсынады, жоспарда көрсетілген іс-шаралардың орындалуын бақылайды.

Департаменттің ведомстволық мұрағатындағы істердің сақтау мерзімдеріне сәйкес ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады, электронды мұрағатты жасақтауды қамтамасыз етеді.

Департаменттің істер номенклатурасын және Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатына келісуге ұсынады, Департаменттің басқарма, бөлімдеріндегі істердің номенклатураға сәйкес дұрыс жүргізілуін, олардың уақытында жабылуын бақылайды, істерді мұрағатқа тапсыру кестесін дайындайды.

Департаменттің аумақтық органдарындағы істердің нақты жағдайын анықтап, зерделейді, олардың қызметінің тиімділігін арттыру шараларын қабылдау мақсатында тексерістерге қатысады.

Департаментке, ведомстволық бағынысты мекемелерге, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдеріне іссапарға шығады.

Департаменттің басқармалары мен бөлімдеріне іс қағаздарын жүргізу мәселесі бойынша әдістемелік әрі практикалық көмектер көрсетеді.

Заңдылықты, қызметтік тәртіпті, еңбек тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметші этикасын мүлтіксіз сақтау;

қызметтік, еңбек тәртібін бұзушылық фактілері бойынша тиісті қорытындылар шығару;

кәсіби, мәдени және дене шынықтыру деңгейін арттыруға жұмыстану;

қызметтік уақытты неғұрлым тиімді пайдалану үшін жұмысты жоспарлы ұйымдастыру;

Өз жұмысын ұйымдастырудағы қабілетін арттыру, ақпараттық-талдамалы сипаттағы үлгілерді игеру, тіл табысу;

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізу.

Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.кәсіби, мәдени және дене шынықтыру деңгейін арттыруға жұмыстану;

қызметтік уақытты неғұрлым тиімді пайдалану үшін жұмысты жоспарлы ұйымдастыру;

 Өз жұмысын ұйымдастырудағы қабілетін арттыру, ақпараттық-талдамалы сипаттағы үлгілерді игеру, тіл табысу;

Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметті Департамент басшылығына міндетті түрде жеткізу.

Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. «Білім» (қазақ тілі мен әдебиет, қазақ тілінде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (есептеу техникасы мен бағдарламалармен жабдықтау), «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару), «Құқық» (құқықтану), «Гуманитарлық ғылымдар» (халықаралық қатынастар), «Жаратылыстану ғылымдары» (Экология) мамандықтары.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан Республикасы тілдер туралды», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

C-O-5 санаты үшін:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

            жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Жалпы  конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

- 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес нысанда  толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттық қызметтік тізімі;

- білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

- еңбек қызметін растатын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандығы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариальдық куәландырылған көшірмесі);

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-  Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың: 1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген  «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама( немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру » мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына  сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

             Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

           

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменте өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

 

корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

  __________________________
           (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________ _____________________________________________________________________________

 

 

 

__________                                                               ____________________________________

    (қолы)                                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания

 (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі

(болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс

 орны, мекеменің орналасқан жері/

должность, место

работы,

местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата