Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

17.02.2017

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңына, «Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне аттестаттау өткізу туралы үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы №124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес 2017 жылғы 28 ақпан күні сағат 9.30-да  БҚО, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 215 мекенжайында орналасқан Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аттестациялық комиссиясының отырысы өтеді.

 

Аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушыларды шақырамыз!