Біздің Telegram-дағы каналға жазылыңыздар - жазылу («Канал о безопасности»; @komitet_po_chs)

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашада «Қазақстан қазіргі кезеңнің кең ауқымында: өсу, реформалар, даму» атты кезекті жолдауын жариялады. Қазіргі таңда барлық ұйымдар мен мекемелерде аталған Жолдауды түсіндіру, талқылау іс-шаралары жүргізілуде. Біздің еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толу орайына жарияланғаны қуанарлық жағдай болды.

25 жыл ішінде жас мемлекетің атқарылған жұмыстар өте көп. Бұл бірінші кезекте кеңес одағынан тыс дүние жүзінің біздің мемлекетімізді мойындауы,  жас мемлекетіміздің өмірінде маңызды оқилар және экономикасының өсуі.

Ел басы Жолдауы атының өзі көп нәрсені білдіреді. Біз жаңа дәуірде, басқа заманда өмір сүреміз. Бізді қоршаған  ортаның тоқтаусыз өсуі, орнында тұрмағаны ақиқат, демек бізге осы өмірде сүрушілерге де талпынатын нарсе бар. Біз заманауи өмір шындығында оның дамуында қарқынында өмір сүруіміз қажет.

Болашаққа жол жеңіл болмайтынын түсінуіміз маңызды.  Барлық әлемдік экономиканы қыспаққа алған жаhандық дағдарыс жолға қиын кедергі келтіреді.  Ел басы бізді қазақстандықтарды орын алған қиындық жағдайларға қарамастан, қол сілтемей жаңа инновациялық әдістемелерге, жаңа заңнамаларға сәйкес әрекет етуге шақыруда (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 80 Заң енгізілген).

 Ел басының 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауында «Қиындық кезеңі бізге жеңу болады, біз міндетті түрде жаңа жаhандық дағдарысты жеңеміз, бұл үшін бізде бірыңғай бостандықпен ауызбіршілігіміздің мықты дәстүрі бар.  Біз Қазақстанды жаңа даму мәрелеріне жеткіземіз!»  деп белгіленген. Маңызды бұл сөздер бүгін бізге демеу беруде, сонымен қатар қыйындықтардан арылуға, Отанымыздың аманшылығы және бейбітшілігі үшін адал еңбекке жетелеуде. 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау майоры Н.А. Кажкенов